Semeytany.kz – Аягөз қаласының 79 жастағы тұрғыны Оразхан Манабаева республикалық референдумда дауыс беріп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.
Қала тұрғындары арасында ол көп жылдық еңбегімен «такси апа» ретінде кеңінен танылған. Оразхан Манабаева 40 жылға жуық уақыт бойы такси жүргізушісі болып еңбек етіп, ел алғысына бөленген.
Қария дауыс беру рәсімін Аягөз қаласы, Ақтамберді көшесі, 76 мекенжайында орналасқан «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратындағы референдум учаскесінде өткізді.
Оның айтуынша, референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам.
Айта кетейік, Аягөз ауданында барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істейді. Ал дауыс беруге құқығы бар 39 251 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.







