"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МӘҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ — БІР ТАҒДЫР»

24.04.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 сәуір күні Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында, ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» атты Ассамблеяның ХХІІ сессиясы болып өтті.

«Мәңгілік Ел: бір Ел — бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

{jcomments on}«Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы деп жарияладық. Бұл — Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін ел бірлігі жылы.   Тарихи жылда біз Қазақстан халқының  мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз», — деді Н.Назарбаев сессияны ашу барысындағы сөзінде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы — бұл тұрақтылықтың 20 жылдығы, 20 жылдық бірлескен еңбектің жемісі, даму мен бірігудің, достықтың жетістігі. Мен барша қазақстандықтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне өз алғысымды жеткізгім келеді», — деді Елбасы сессия отырысының ашылуында.

Бұдан бөлек Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, оның қиын күндері құрылып, бүгінгі биік кезеңге дейінгі жүріп өткен жолдарына назар аударды.

«Біздің халқымыздың саны күннен — күнге көбейіп келе жатыр. Тиісінше, жалпықазақстандық бірлік дегеніміз бос сөз емес. Ең алдымен, болашақ үшін қазақтың өзінің бірлігі керек. Мен мұны ылғи айтып жүрмін. Елдің тағдыры мен болашағы мемлекет-құрушы ұлт ретінде қазақтың қолында ғана болады. Халықты ұлы істерге ұйыстырудағы басты жауапкершілік те қазақтарға жүктеледі. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Президент Ата Заңда, нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың құқы мен бостандығы қорғалатынына назар аударды. Дегенмен Елбасы бұдан кейінгі уақытта да қазақстандық біртектілікті нығайта түсудің қажеттілігін айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл біртектілік азаматтыққа негізделуі шарт.

«Біздің азаматтарымыздың барлығы бір ғана ауқымды құқықты пайдаланып, ортақ жауапкершілікті бірге арқалап, тең мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізулері керек», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай – ақ ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев этностардың бір-біріне мейірімділік күнін атап өтуді ұсынды.

Сөз арасында Мемлекет басшысы Қазақстанның өткен тарихына, кеңестік кезеңде тағдыр тауқыметінен ұлы далаға тоғысқан ұлттар тарихына тоқталып өтті.

«Қазақ даласына тұтастай ұлттар жер аударылып келді: 800 мыңнан астам немістер, 120 мың поляктар, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам кәрістер күштеп көшірілді. Оларды жалаңаш далаға вагондармен топтастырып, «төгіп» жатты. Ал бұл кезде осы ұлы    далада тек қана қазақтар мекендеген   болатын. Сондықтан да жер аударылып келгендерді тек қазақтар ғана қабылдай алатын еді. Бұл солай болды да. Соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі кезеңдерде өздері кедейліктен титықтап, қиын күн кешіп отырған қазақ отбасылары оларды өздерінің қоныстарына қабылдады», — деді Н.Назарбаев.

Бұл ретте Президент мұның бәрін тарихты жақсы білетіндіктен емес, өз басынан өткендіктен айтып отырғанын жеткізді.

«Біздің отбасымыз да екі бөлмелі сабан үйде тұрып, үш балалы отбасын қабылдады. Бұл менің көз алдымда өтті», — деді Мемлекет басшысы. — Сондықтан да Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін жыл сайын барлық этностардың бір-біріне, өздерін туғандары ретінде қабылдаған қазақтарға деген мейірімділік күні ретінде атап өтуді ұсынамын. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурыз екені белгілі, бәлкім, мұны басқа күнге белгілеуге де болады. Жалпы, осындай күнді атап өту бізді бұрынғыдан да жақындастыратын еді. Бұл күн барша қазақстандықтар үшін мейірімділік, махаббат пен достықтың күні болатын еді», — деді Н.Назарбаев.

«ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға 5,6 млн. адам қоныс аударды. Ал сол кезде жалпы Қазақстанның халқы 6 миллионға жуық (жергілікті қазақтар) болатын. 5,6 миллион адам жасанды іс-қимылдар арқылы елімізге көшірілді. Бұл мәліметтер Қазақстан ежелден осылай көпұлтты болды деп санайтын тарихты білмейтіндердің назарына», — деді Президент.

Осы орайда Елбасы еліміздің халқы өткен ғасырда орын алған оқиғаларды есте сақтауы керектігін атап өтті.

Сталиндік қылмыстық ұжымдастырудың салдарынан, 1,5 миллион қазақтың аштан қырылғанына, сол кезеңде халықтан күнкөрісі болған малды тартып алғандығына тоқталған Мемлекет басшысы: «Қоныс аударылғандар ғана емес, баршамыз қайғы-қасіретті бастан өткердік. Сондықтан бір-бірімізге жақындықты сезінеміз», — деді.

Әділ мемлекеттік аппарат, әділ сот болғанда, нағыз біртұтас ұлт қалыптасады.

«Екіншіден, Заң үстемдігі. Барлық судьялар, құқық қорғау органдары тек Конституцияға, Заңдарға бағынуы тиіс. Мұнан басқа ешкімге де, ештеңеге де емес.  Адам өзінің құқын, міндеттері мен мүмкіншіліктерін құрметтей ме? Онда сотта қорғауы тиіс. Сот әділ, жемқорлыққа бой алдырмаған, жақсы жалақы алатын, қатаң жазалайтын болуы қажет», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік аппарат, сот жүйесі әділ әрі жем-қорлықтан ада болса, онда еліміздің     индустриясы, экономикасы, бизнес дамитындығын баса айтты.

«Сонда біз әділ мемлекетте өмір сүретін боламыз. Бізге әділ мемлекеттік қызмет, әділ сот қызмет көрсететін болады. Міне, бұл — біздің атқаратын істеріміздің түп мәні. Сіздер мұны қарапайым жолмен ғана жүзеге асырады деп ойламаңыздар. Біздерге қолдау қажет. Қарсылық та болады, біздерге бұл жолда көптеген жайттан арылуға тура келеді», — деді Елбасы.

 

«Міне, егер осындай мемлекеттік аппарат болса, ұлты мен дініне, мүмкіншілігіне қарамастан, ашық болады, кедергі болмайды. Егер әділ сот болатын болса, егер дәл осы негізде индустрия мен бизнес дамитын болса, онда нағыз біртұтас ұлт қалыптасады», — деп түйіндеді ойын Елбасы.

 

«Бақыт бағалай білгеннің басына тұрақтайды” деген сөз бар. Ең асыл қазынамыз — бірлігіміз. Көздің қарашығындай мұны сақтай алсақ, барлық асулардан асамыз, армандарға жетеміз. Мен халқымды Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсуге үндеймін. Бірлік қағидаты әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын. Жерімізде ұлы Отан — Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын. Баянды болашаққа бірге қадам басайық. Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!»,  — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдени бірлестіктер мүмкіндігі шектеулі жандарға, сырқаттарға, балалар үйлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіп келе жатқанына тоқталған Елбасы: «Ассамблея тарихы — бұл біздің тұрақтылықтың тарихы, ол жайында біз әрқашан есте сақтауымыз керек және қастерлеуіміз шарт. Бұл — халықтың естелігі үшін, достық үшін, адамдардың, біздің балалар мен немерелеріміздің өзара түсіністігі үшін ең басты мәселе. Үкімет пен бизнестің қолдауымен Ассамблея барша еліміз бойынша қайырымдылық акцияларының біріктіруші орталығы болуы қажет»,-деді.

«Бүгінгі әлемде қоғамдағы барша жұртшылыққа бірдей қолдануға болатын бейбітшілік пен келісімнің нақты рецепті жоқ. Ал біз әлемде тұңғыш болып жалпықазақстандық ұлттық идеяны нақты құжат ретінде бекітіп отырмыз. Мұндай тәжірибе еш жерде жоқ, біз бәрінен алда келеміз», — деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы жастардың, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылуы керектігін атап өтті. Бұған білім беру жүйесінің жалпылама күшін, мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін жұмылдыру керек.

«Мұнда жалпыұлттық құндылықтарды жұмылдыратын күш ретінде біздің зиялыларымыздың рөлі де зор. Олар жаңа Қазақстан үшін жаңа туындыларды, жаңа тұлғаларды тудыруы керек. Патриоттық бағытында Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетте арнайы жобаларды жүзеге асырулары керек», — деді Н.Назарбаев.

Жақында британдық әлеуметтік қызметтердің бірі еліміз халқының көңіл-күйін білу үшін барша Қазақстан бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізгеніне тоқталған Мемлекет басшысы, зерттеу қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың 93 пайызы елдегі жағдайды жоғары бағалағаны анықталғанын атап өтті.

«Бұл — барша халықтың және менің еңбегімнің ең басты бағалауы»,- деп атап өткен Президент тәуелсіздік жылдарында республикада қол жеткізілген сенім мен жетістіктерді мақтан тұтатындығын жеткізді.

«Кез келген мемлекеттің өзегі — оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да ал-ғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді. Қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес», — деді  Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерді дамытуына жағдай жасап отырғанын атап өтті.

«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл — ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни үш тілді меңгеру, білу — бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл — адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», — деді Н.Назарбаев.

«Халық Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақ бойынша  біздің серіктестерімізбен мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдетудегі жүйелі жұмыстарды қалыптастыру қажет. ЕАЭО-ны құру туралы идея бізге, қазақстандықтарға, тиесілі. Еуразиялық экономикалық одақ міндетті географиялық көршілікті болжамдамауымен қызықты», — деді ҚР Президенті.

Осы ретте Елбасы қазақстандықтардың да еуропалық халық екенін, генінде азиялықтың да, еуропалықтың да мәдениеті бар екендігін баса айтты.

«Қазіргі уақытта бұл жаман емес. Еуразиялық одақта болудың міндетті шарты- тек бірыңғай ереже ғана», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы ахуалды әрдайым байқап отыруы керектігін, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен алдын алу шараларын қабылдауы керектігін атап өтті.

«Ассамблея үшін оның мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыруға қатысуына, жалпымемлекеттік міндеттердің кешенін шешуге барша этностарды жұмылдыруға арнайы бағдарлама әзірленуі тиіс. Бізге Ассамблея қамқорлығымен жалпыұлттық «Үлкен ел — үлкен отбасы» акциясын ұйымдастыру қажет»,-деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті  қазақстандықтарды сайлауда белсенді дауыс беруге шақырды. Елбасы өз сөзінде 26 сәуірге белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға әлемнің зор қызығушылық танытып отырғанын баса айтты.

«Әлемнің 40 елінің өкілі, 1200-ден астам байқаушылар, 200-ден астам БАҚ өкілдері қазір Қазақстанда. Әрі бұл тосыннан емес. Қазақстанның қандай екенін, қандай жолмен жүріп келе жатқанын, бұл халықтың ерекшелігі неде екендігін тағы да білгілері келеді. Сондықтан да Қазақстан азаматының конституциялық парызын орындай отырып, барлығы да дауыс беруге келуі қажет», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті өз сөзінде бір дауыс ештеңе де шешпейді деп ойлау дұрыс еместігін баса айтты.

«Сайлаушы қазақстандықтар сайлауға көп қатысқан сайын, әлемде бізге деген құрмет арта түседі. Сол арқылы біз өзіміздің тұрақтылығымызды дәлелдей түсеміз. Сол арқылы өздеріңіз сайлаған Президенттеріңіздің беделі арта түседі. Сондықтан да мен осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды сайлауда белсенділік танытуға шақырамын», — деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Медальді ҚР Президентіне Ұлы Отан  соғысының ардагері ҚХА мүшесі Леонид Рирж табыс етті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның құрылған күнінен бастап қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға елеулі үлес қосқан ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін, сонымен қатар ҚХА-ның қоғамдық «Бірлік» алтын медалін табыс етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасының орынбасарлары ретінде Любовь Ни мен Олег Дымовты тағайындау туралы өкімге қол қойды. «Оларға Ассамблея игілігі үшін жемісті жұмысты тілейміз және еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қызмет етсін»,-деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы осыған дейін орынбасарлықта болған Анатолий Башмаков пен Александр Смирновқа Ассамблеяда атқарған үлкен жұмыстары үшін алғысын білдірді.

“Медицина саласы мен мемлекеттік қызметкерлер міндетті түрде ағылшын тілін меңгерулері керек”. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде, біз білім мен мәдениетті жиі шатастырып жүрміз. Қазіргі заманда білім беру мен мәдени тәрбие беру — бір-біріне жақын, бірақ екі бөлек шаруа. Білім берудің міндеті — заманға сай білікті, тәжірибелі, жаңа технологияны меңгерген, бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыру. Осы арқылы өзінің бала-шағасы мен отбасы үшін елдің игілігіне қарай табыс таба білетін азамат қалыптасады. Ал мәдени тәрбие берудің міндеті — адамның ұлттық болмысын сақтауға, туған тілін, тарихы мен мәдениетін игеріп, дамытуға үйрету», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы қазіргі басты проблема неде екеніне де назар аудартты. Мемлекет басшысының айтуынша, басты проблема — тілде.

«Қазіргі заманғы білім мен ғылым басқа тілдерде, әлемдік тілдерде жасалып жатыр. Мысалы, 2014 жылы әлемде ағылшын тілінде 500 мыңнан астам кітап жарыққа шықты. Яғни, жаңа мағынасы бар кітаптар бұл. Ал қазақ тілінде — 2 мың. Әрине, кітапты сатырлатып баспадан шығартып көбейтуге болады, бірақ мәселе онда емес. Мәселе — ғылым мен білімнің ағылшын тілінде екендігінде. Егер осы 500 мың жаңа кітап қазақ тілінде шығатын болса, бүкіл әлем қазақ тіліне ден қоятын еді. Өкінішке қарай, олай емес. Ғылыми әдебиеттер де олай емес», — деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы мұндай проблема Еуропадағы, Оңтүстік Америкадағы, Азия мен Африкадағы елдердің басым көпшілігінде бар екенін атап өтті.

«Шындығында, көптеген елдердің бірқатарында ортақ проблема — аса ауқымды ақпарат толқынын аударып үлгермеу мәселесі. Әлемдегі техникалық ақпараттардың 70 пайызы ағылшын тілінде. Электрондық тасымал құралдарының 80 пайызы ағылшын тілінде. Қалған 20 пайызы ғана жапон, орыс, түрік, француз, қытай секілді алып тілдерге тиеді. Ендеше, жаңағы алып елдердің тілдерін ғана білетін адамның ақпаратқа қолжетімділігі шектеулі деген сөз. Бұл айырмашылықты еңсеру тіпті мүмкін емес. Әлемде білім саласының қарқынды дамитыны соншалық, оны аударуға да үлгермейміз. Біз бір жаңалықты аударып үлгергенше, екіншісі шығады. Ендеше, ғылымға, білімге негіздеп өркендейік десек, тілді білуге тиіспіз, ақпарат шыққан күні мәліметті сол кезде білуге тиіспіз. Мен бұл жерде барлық азаматтар ертеңнен бастап ағылшын тілін меңгерсін демеймін. Бірақ осыны тезірек түсініп әрекет жасаған ел ғана артықшылыққа ие болады. Бұған мысалдар жеткілікті. Әлемдегі негізгі ақпараттарға қолы жетпеген ұлт бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сондықтан да медицина саласы мен мемлекеттік қызметтегі азаматтар ағылшын тілін тезірек игеруі қажет. Медицинадағы табыстар мен жетістіктердің барлығы ағылшын тілінде шығып жатыр, соны білмесе, ол дәрігер адамды қалай емдейді? Қазақстанның білім беру саласында осы мәселе ескерілуі тиіс», — деді Н.Назарбаев.

“ҚазАқпарат”

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

16.09.2025
Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

Semeytany.kz - Бүгін Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыс әкімі Берік Уәли жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру гранттарының иегерлерімен кездесті....

Толығырақ...Details

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

16.09.2025
1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

Semeytany.kz - Алматы қаласы мен облыста электр энергиясының бағасы 1 қазаннан бастап көтеріледі. КВт/сағ үшін тариф 31,85 теңгеден 38,1 теңгеге...

Толығырақ...Details

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

16.09.2025
Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

Semeytany.kz - Израиль қарулы күштері Газа қаласына бағытталған жаңа операциясын бастады. Әуеден соққылар жасалып, танк бөлімшелері қала шетіне енгізілді. Әскери-қимылдардың...

Толығырақ...Details

АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

16.09.2025
АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

Semeytany.kz — Мадридтен өткен брифинг қорытындысында АҚШ пен Қытай өкілдері TikTok қысқа бейне платформасын АҚШ бақылауындағы меншікке беру жөнінде негіздемелік...

Толығырақ...Details

Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

16.09.2025
Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

Semeytany.kz - Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін емделу шығындарына пайдалану ережелерін жаңартуды ұсынды, деп хабарлайды редакция. Ұсынысқа сәйкес, зейнетақы...

Толығырақ...Details

Елде егіннің жартысына жуығы жиналды: 11,6 млн тонна астық бастырылды

16.09.2025
Елде егіннің жартысына жуығы жиналды: 11,6 млн тонна астық бастырылды

Semeytany.kz — Қазақстан өңірлерінде күзгі жиын-терін қарқынды жүріп жатыр. Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың биылғы болжамды егіс алқабы 16 млн гектардан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

15 минут бұрын

1 қазаннан бастап Алматыда жарық құны өседі

5 часов бұрын

Газаға құрлықтан кірді: Израиль әскері операция ауқымын кеңейтті

5 часов бұрын

АҚШ бақылауындағы иелікке беру: TikTok бойынша негіздемелік келісім жарияланды

5 часов бұрын

Зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге жұмсау тәртібі өзгеруі мүмкін

5 часов бұрын

Елде егіннің жартысына жуығы жиналды: 11,6 млн тонна астық бастырылды

5 часов бұрын

Абай облыстық ПД-ға жаңа басшы келді: Эльдар Данияров қызметке кірісті

5 часов бұрын

Абай облысына тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина жеткізіледі

21 час бұрын

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

1 день бұрын

Қала мен аудандарда көгалдандыру қарқыны күшейеді: ағаштың жерсінуі бақылауда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС