{jcomments on}Тарбағатай аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің ұжымы мекеме басшысы Серғазы Нұрқасымұлының бастамасымен таяуда Құмгөл ауылына барып, Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай соғыс және тыл ардагерлерімен қызықты кездесу өткізіп қайтты. Кездесуге жасы тоқсаннан асқан соғыс ардагері Шәріп Рахымжаров бастаған отыз шақты қарт адамдар қатысты.
Серғазы Нұрқасымұлы қарияларды алдағы мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар ұсынды. Соғыс ардагері Шәріп ақсақалдың иығына шапан жапты. Аға ұрпақтың ерлік, еңбек жолдары туралы қызықты әңгімелерден соң, кезек өнер майталмандарына берілді. Тарбағатай аудандық Мәдениет үйінің әнші-күйшілерімен қатар, бұл кездесудің әсерлі болуына көршілес Көкпекті ауданының Шамил Ибраев бастаған Фархат, Жаңабай, Нұршекер сынды өнерпаздары да белсене атсалысты. Кең жайылған дастарқаннан дәм татып, ән тыңдап, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еске түсіріп, бала кезінде колхоз шаруашылығына қалай араласқанын айтқан ардагерлердің әңгімесі өте әсерлі болды.
Хамза СӘТИЕВ,
«Семей таңы»