"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында құрылысқа бақылау күшейіп 3 мыңнан астам өтініш қаралды

21.03.2026
Абай облысында құрылысқа бақылау күшейіп 3 мыңнан астам өтініш қаралды
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығарды. Өңірде құрылыс қарқыны артып, өтініштер мен тексерулер саны көбейген, сондай-ақ құрылыс сапасы мен заңдылығына бақылау күшейтілген.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы Сайлауғалы Байназаров мәлімдеді.

Өткен жылдың жаз айында ұсынылған соңғы есептен бері облыс орталығында, қалалар мен аудандарда мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор есебінен ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл өз кезегінде құрылысқа бақылау көлемінің артуына әсер етті.

Басқарма қызметі қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдар, Кәсіпкерлік кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс негізге алынған. Негізгі міндет – құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен сапасын қамтамасыз ету.

2025 жылы басқармаға азаматтардан, ұйымдардан және мемлекеттік органдардан 3 249 өтініш пен тапсырма келіп түскен. Олардың барлығы толық орындалған.

– Есепті кезеңде құрылыс қызметіне 15 лицензия, жобалау жұмыстарына 2 лицензия және инженерлік ізденістерге 1 лицензия берілді. Сонымен қатар, 50 маман техникалық қадағалау аттестатын алды. Камералдық бақылау аясында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Барлығы 1017 құрылыс бастау туралы хабарлама келіп түсіп, оның 799-ы келісілді, ал 218-і бойынша бас тартылды. Осылайша, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторда жүздеген нысанның құрылысы ресми түрде басталды, – деді басқарма басшысы.

Хабарламалар келісілгеннен кейін басқарма құрылыс жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізеді. 2025 жылы 142 мемлекеттік нысан тексеріліп, 223 заң бұзушылық анықталған. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігі жойылған.

Сонымен қатар, есепті кезеңде азаматтардың өтініштері мен прокуратура талаптары негізінде 40 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 22,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 19,4 млн теңгесі өндірілді. Қалған сома сот тәртібімен өндірілуде.

– Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының құзыреті құрылыс салушы немесе тапсырыс беруші хабарлама талонын алған сәттен бастап туындайды. Егер қала немесе аудан әкімдігі сәулет-жоспарлау тапсырмасын беріп, эскиздік жоба бекітіліп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған болса, талаптар бұзылған жағдайда біздің ведомство жұмысқа кіріседі. Біз мұндай жағдайларды бақылауда ұстап, тиісті шаралар қабылдаймыз. Олар заң бұзушылық деңгейіне қарай айыппұл салудан бастап, нысанды мәжбүрлі түрде бұзуға дейін жетуі мүмкін. Өткен жылы проблемалық деп танылған 17 нысанның 5-еуі пайдалануға берілді. Тағы 5 нысан бойынша 110 үлескердің қатысуымен құжаттар мемлекеттік сараптамаға жолданды, – деп атап өтті Сайлаугалы Байназаров.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп 191 құрылыс нысанында тексеру жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар уәкілетті органдар тарапынан қабылдануда.

Басқармада құрылыс саласындағы бақылауды күшейту жұмыстары 2026 жылы да жалғасатыны атап өтілді. Негізгі назар – құрылыс сапасы, қауіпсіздігі және заң талаптарының сақталуына аударылады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС