"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

22.03.2026
Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде 21-22 наурыз күндері дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы «ABAI OPEN» республикалық турнирі өтіп жатыр.

Биылғы жарысқа еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан 400-ге жуық спортшы жиналды. Турнирде балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша татамиде белдеседі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Аймақ басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, дзюдоның жастарды тәртіпке, төзімділікке және жеңіске ұмтылуға баулитын маңызды спорт түрі екенін айтты.

Берік Уәлидің сөзінше, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту ұлт саулығын сақтаудың басты шарттарының бірі ретінде атап өткен. Облыс әкімі «ABAI OPEN» турнирі татамиде шын мықтыны анықтайтын, шеберлік пен қайсарлық сыналатын маңызды дода екенін жеткізді. Сондай-ақ ол бұл жарыс тек мықтылардың бәсекесі ғана емес, өңірдегі жастарға серпін беретін алаң екенін атап өтті.

Абай облысында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. 2023 жылдан бері өңірде 16 спорт нысаны салынып, пайдалануға берілген. Қазір тағы 17 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Өңірде дзюдо спорты да қарқынды дамып келеді. Абай облысының спортшылары ел чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетіп, Азия және әлем біріншіліктерінде Қазақстан намысын қорғап жүр. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері Ерлан Серікжанов, Еркебұлан Қосаев, Гүлжан Исанова бар.

Жыл басынан бері Семей қаласының Водный кентінде спорт кешені, ал Ақсуат ауданының Екпін ауылында спорт модулі ашылды. Бұдан бөлек, «Туған жерге туынды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен KAZ Minerals ЖШС арасындағы меморандум негізінде үлкен стадионның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жалпы, биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында өңір спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 161 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 40 алтын, 43 күміс және 78 қола медаль бар. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 27 алтын, 29 күміс және 59 қола жүлде еншілеген. Қазір облыстағы 26 спорт мекемесінде 14 мыңнан астам спортшы жаттығып жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС