"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

22.03.2026
Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Абай облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Той-думан тек 22 наурызбен шектелмей, мерекені ұлттық жаңғыру кезеңіне айналдыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Бұл күндері өңірде ұлттық салт-дәстүрлеріміз жаңғырып, мәдени, қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді.
Облыс орталығы – Семей қаласындағы Наурыз мейрамының шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылымымен басталды.
Облыс әкімі Берік Уәли өңір жұртшылығын Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Баршаңызды жер жарылып көк шыққан, көк жарылып күн шыққан ұлыстың ұлы күні, жыл басы – наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше Түркістан қаласындағы Наурыз мерекесімен құттықтауында «Әз наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз» деп бұл мерекенің халық жүрегіндегі, ел өміріндегі орынын айшықтап көрсетті. Расында да, Ұлыстың ұлы күні – ежелден халқымыз үшін жаңа жылдың, жаңарудың, жаңғырудың белгісі. Бұл күні өкпе-назды ұмытып, араздасқанды табыстырып, қайырымдылық жасап, үлкендерден бата алып, елдің тұтастығын нығайта түскен», – деді аймақ басшысы.
➡️Облыс әкімі өз сөзінде биылғы Наурыз мейрамы «Семейдің мәдени маусымдары» атты жаңа жоба аясындағы «Семей көктемінің» негізгі шараларының бірі ретінде аталып өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, биыл облыс орталығы – Семей қаласында жүзеге асырылатын ауқымды жобалар мен игі бастамаларға тоқталды.
«Биыл өңіріміз үлкен құрылыс алаңына айналады. Мемлекет басшысының бастамасымен «Абайға құрмет» акциясы басталып, жақында Үкіметтің арнайы қаулысы шыққанын білесіздер. Өткен жылы біз жыл бойы облыстармен, ұлттық компаниялармен, республикадағы басқа да беделді ұйымдармен қажетті құрылыстарды келісу, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу, өкімет қаулысын әзірлеу жұмыстарымен айналыстық. Енді толықтай құрылыс жұмыстарына кірісеміз», – деді Берік Уәли.
⚡️Семейдегі негізгі мерекелік шаралар қаланың орталық алаңында өтті. Мұнда 12 киіз үй тігіліп, әр киіз үйге Абай, Шәкәрім, Әнет баба, Біржан-Сара айтысының 155 жылдығы, сондай-ақ, биыл мерейтойлары атап өтіліп жатқан Әлихан Бөкейхан, Ыбырай Алтынсарин, Исатай Тайманұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Қайым Мұхамедханов, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова, Ермек Серкебаев сынды тарихи тұлғалардың аттары берілген.
📌Барлық киіз үйлерде қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері кеңінен көрсетіліп, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылған. Қаладағы Арбат аумағында арнайы тақырыптық алаңдар жұмыс істеп тұр. Жастарға арналған алаңда түрлі шеберлік сағаттары, викториналар, квесттер мен шығармашылық байқаулар өтуде. Сонымен қатар IT және жасанды интеллект мүмкіндіктерін таныстыратын алаң ұйымдастырылып, жаңа технологиялар бойынша танымдық бағдарламалар ұсынылуда. Ұлттық спорт алаңында қазақ күресі, арқан тарту, аударыспақ, қой көтеру сияқты дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Облыс әкімі киіз үйлерді аралап, арнайы әзірленген тақырыптық алаңдарды көріп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.
📍Орталық алаңдағы күндізгі концерттік бағдарламада Тоқтар мен Бейбіт, AGUGAI және «Жігіттер» тобы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешкі концерттік бағдарламада Диана Исмайл, Әлем, Баян сұлу өнер көрсетеді.
Облыс орталығының әр аумағындағы ықшамаудандар да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, М.Әуезов алаңы, теміржол вокзалы, Қарағайлы шағын ауданы, «Асима» сауда үйі маңы және тері-былғары зауыты аумағында барлығы 18 киіз үй орнатылып, тұрғындарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС