"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ ТЫҢ СЕРПІЛІСТЕРДІ ОҢ БАҒАЛАДЫ

28.04.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Жарма ауданында болып, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар маңызды нысандарды аралады.

{jcomments on}Ең алдымен облыс әкімі ат басын Шар су қоймасына бұрды. Жалпы, ауданның негізгі суармалы жерлерінің бастауы болып табылатын су қоймасы өткен ғасырдың 77-ші жылынан халық игілігіне пайдаланылып келеді. Жалпы сыйымдылығы 80 млн. текше метр су қорын жинайды.

Тоқырау жылдары қараусыз қалған бұл нысан бүгінде жөндеуді қажет етеді. Мәселенің мән-жайымен танысқан облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов су қоймасын, су желілерін және орталық су арнасын қайта жарақтау жұмыстарына қажетті құрылыс жобасы жасалып, шамамен 1623743 теңге қаржы қажет екендігін жеткізді. Су көзі жөндеуден өтіп, су арналары қалыпқа келтірілсе, суармалы жер көлемі 3000 гектарға жететіндігін айтты.

Облыс әкімі бұл жерден кейін Жаңғызтөбе кентіне барды. Мұнда ең алдымен жаңадан бой көтеріп жатқан 300 орындық мектеп құрылысымен танысқан өңір басшысы жұмысты барынша тоқтатпау керектігін жеткізді. Ал қажетті қаражатты облыстық бюджеттен бөлу жолдары қарастырылатындығын да атап өтті. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрген аймақ басшысы жаңа оқу жылына дейін құрылыс нысанын пайдалануға беруді тапсырды. Яғни ең алдымен құрылыс уақтылы әрі сапалы жүруі тиістігін қадап айтты.

 

Кентке қарасты Шуақ ауылында салынып бітпей тұрған жаңа жылу қазандығының құрылысына да арнайы ат басын бұрған Даниал Ахметов негізгі құрылыс нысандары салынып, аяғына жете алмай отырған орынның барлық цехтарын аралап көрді. Бүгінде жылу қазандығының орны дайындалып, ішкі электр желілері тартылған. Құрылыс жұмыстары созылып келе жатқан нысанға жауапты мердігер өкілін сөзге тартқан аймақ басшысы алдағы 10 күн ішінде құрылыс жұмыстарын бастауды қатаң тапсырды.

 

Аймақ басшысы даңқты балуан, жерлесіміз Дәулет Тұрлыханов сыйға тартқан аудан орталығындағы сәулетті ғимарат — спорт кеше-нінде де болды. Заманауи  әмбебап алаңымен қамтылған спорт кешені құрылысын облыс әкімі жоғары бағалады. Еден төсеніштеріне талапқа сай ағаш төселіп, құрылыс асқан жауапкершілікпен жүргізілгендігін атап өтті. Әр дайындық залдарында жаттығып жатқан жас спортшылармен тілдескен облыс әкімі оларды  жақсы білім алып, спортпен шұғылданып, еліміздің мүддесіне тер төгуге шақырды. Спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер жасалып, жол ашылып отырған шақта, мұны игілікке жаратып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.

Аудан орталығын көркейту төңірегіндегі тың серпілістермен танысқан Даниал Ахметов Бірлік ауылына да ат басын бұрып, мұнда бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұрған сүт қабылдау орнының жағдайы туралы мәліметтерге қанықты. Соңғы кезде облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, тауарлы — сүт фермаларын дамытуға үлкен көңіл бөлініп, бұл бағытта өңірде кешенді жұмыстардың жоспары құрылған болатын. Жеке кәсіпкер Ерболат Имадилов ашқан бұл орын бүгінде «Fresh milk» қондырғысын орнатып, қажетті сүт жинайтын алюмин құрылғылармен қамтылған. Сүт жинайтын қондырғы барлық қажетті құ-рылғылармен жабдықталған. Ауданның сүт өндіру ісін дамытудағы жұмыстарын облыс әкімі Даниал Ахметов оң бағалады.

Облыс басшысы Жарма ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шар қаласында да болып, ондағы жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Нысанның сыртқы жұмыстарының негізгісі аяқталып, ішкі құбырлар тарту, электр желілерін орнату, сылақ жұмыстары қатар жүруде. Облыс әкімі мердігер «Тасымал көлігі» ЖШС-нің өкілдеріне талап айқын екендігін жеткізді. Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі жаңа кейіпке еніп, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен қаланың орталық алаңында да болды. Тас төсемелермен көмкерілген алаң қаланың көрікті орнына айналса, төрінен Жеңістің 70 жылдығына арналған мемориал, күрделі жөндеуден өткен темір жол вокзалы қаланың кейпін ашып тұр. Шағын қаланың шырайын көтерудегі келелі істер де облыс әкімінің көңілінен шықты.

Жұмыс сапары барысында «Қазақцемент» цемент зауытының да жұмысымен танысқан аймақ басшысы зауыттың әрбір цехын аралап, зертхана жұмысын көріп, зауыттың негізгі ғимаратында орналасқан басқару пультінде болды. Жалпы, цемент өндіретін зауыт толық автоматтандырылғандықтан, барлық жұмыс басқару пульті мамандарының бақылауымен жүзеге асады. Бүгінде жаңа қондырғының басқару тетігінің қыр-сырын жергілікті мамандар игеріп отыр.  «Қазақцемент» ЖШС-нің директоры Сұлтанғали Байжұманов цемент өндірудегі іргелі зауыт ағымдағы жылы толық күшінде жұмыс істеуді көздеп отырғандығын атап өтті. Даниал Ахметов бұл орынға үлкен мән беріліп отырғанын да жасырмады. Жер қойнауы байлығын игеріп, еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етуді көздеген зауыт жұмысына жоғары бағасын берді.

Облыс әкімі Шалабай ауылында ескі үрдісті қайта жандандырып, қазақтың ақ бас асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіріп отырған «Шалабай» асыл тұқымды мал зауытының жұмысымен де танысты. Серіктестік директоры Қуаныш Сүлейменов облыс әкімін ең алдымен машина-трактор паркімен таныстырды. Мұнда жаңа комбайндар, тракторлар,  К-700  сияқты үлкен техникаларымен қатар, шаруашылық паркінде қажетті ауыр техникалар да бар. Мал бастарын аралап шығып, иен даладан бой көтерген шаруашылықтың кешенімен танысып, мал бастарына арналған әр базды аралаған облыс әкімі қызметшілерге арнайы  салынған баспананы да аралап көрді.

Әуезов кентіне арнайы ат басын бұрған аймақ басшысы мұндағы «Бақыршық» кен өндіру кәсіпорнының жұмыс алаңында болды. Кәсіпорынды бүгінде Ресейдің «Полиметалл» компаниясы басшылыққа алып, кен орнын алдағы үш жыл ішінде іске қоспақ. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры Юрий Овчинников облыс әкімін кәсіпорынның карьерімен таныстыра келе, негізгі жұмыс жоспарымен бөлісті. Алдағы уақытта кен орны жаңа жобаның арқасында игілікке жарап, 2018 жылы өнім алына бастайтын болады. Оған дейін қажетті құрылыс жұмыстары жүргізілмек, олардың ішінде бірқатар әлеуметтік нысандар да бар. Яғни алдағы үш жыл ішінде серіктестік 500 млн. доллар инвестиция әкелмек. Жалпы, серіктестіктің жоспарын толық қуаттаған облыс әкімі жергілікті атқарушы билік те барынша  қолдау көрсететіндігін айтты. Ауданның ілгері істерін оң бағалаған аймақ басшысы,  әлеуметтік ахуалмен қатар, экономиканы көтерудегі нақты жобалармен батыл жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

Жарма ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС