"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша жобалар жоспарланған

01.04.2026
Семей қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша жобалар жоспарланған
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Мадиев Мейір 2026 жылдың І тоқсанындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының өңірде іске асырылу барысы туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, департамент бүгінгі таңда 36 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру, электр және жылумен жабдықтау, сондай-ақ кірме жолдар салалары қамтылған.

— Біздің негізгі міндетіміз тарифтік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 8 субъект ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейді. Бұл олардың инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 5 жылға 115 млрд теңгеден асады. Қалған 28 субъект шағын қуатты табиғи монополиялар санатына жатады, – деді Мейір Мадиев.

Әкімшілік бақылау бағытында І тоқсанда 7 субъектке қатысты 11 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 41,7 млн теңге айыппұл салынған.

— Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде есепті кезеңде 1 қызмет көрсетіліп, бас тарту жағдайлары тіркелмеген. Сонымен қатар, халықпен кері байланысты күшейту мақсатында ай сайын қоғамдық қабылдаулар өткізіліп келеді. Әр айдың бірінші сейсенбісінде біз тұрғындармен тікелей эфирде кездесіп, коммуналдық саладағы өзекті мәселелерді бірге талқылаймыз. Бұл – ашықтық пен тиімді диалогтың маңызды құралы, – деді спикер.

Ұлттық жоба аясында өңірде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей су арнасы» МКК және «БЭСК» АҚ тарапынан ондаған жобалар іске асырылмақ. Сонымен қатар Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу жоспарланған.

— Семей қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша да нақты жобалар қолға алынған. Олардың қатарында SCADA жүйесін енгізу, коллекторларды және су құбырларын қайта жаңғырту бар. Бұл жобалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, апаттылық деңгейін төмендетуге және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, – деп атап өтті департамент басшысы.

Тарифтік саясатқа қатысты спикер Үкімет тарапынан қабылданған шешімдерге тоқталды. Оның айтуынша, 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін енгізілген мораторий халыққа түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. Алдағы кезеңде тарифтер кезең-кезеңімен, әлеуметтік тұрғыдан теңгерімді түрде қаралатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС