"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ

01.04.2026
Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы Бозтал ауылына барып, қар суының жай-күйімен және суды бұру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аймақ басшысы даладан келген еріген қар суының деңгейін төмендету шараларын көріп, су ағып жатқан арналарды аралады. Сондай-ақ елді мекендегі мектеп ғимаратында орналасқан жедел штабтың жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда Бозтал ауылындағы жағдай тұрақты. Ресми мәліметке сүйенсек, елді мекенде тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелмеген.

Қауіпсіздік мақсатында ауылда 80 орынға арналған уақытша орналастыру пункті дайындалған. Алайда әзірге онда ешкім көшірілмеген, тұрғындардың барлығы өз үйлерінде отыр.

Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар еріген қар суын қауіпсіз өткізу үшін қажетті инженерлік жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл іске жеткілікті көлемде техника мен жеке құрам жұмылдырылған. Былтыр жоспар аясында ауылдың бойымен ұзындығы 1800 метр болатын ор қазылып, топырақ үйіндісі жасалған. Қазір су сол арнамен ағып жатыр.

Мамандардың мәліметінше, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Көлік қатынасы да үзілген емес. Жедел әрекет ету үшін ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 69 адам және 18 техника тартылған. Бұған қоса, 200 қап инертті материал дайындалған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 сәуір күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі 40-50 сантиметрге төмендеген.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге су деңгейін тұрақты бақылауда ұстауды, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және үйлерге су кіруіне жол бермеуді тапсырды. Сондай-ақ аудандағы тасқын қаупі бар өзге елді мекендерді де назардан тыс қалдырмауды ескертті.

Берік Уәлидің айтуынша, ауылға келген су бұрыннан бар табиғи арналар арқылы ағып жатыр. Оның сөзінше, қазіргі ең маңызды мәселе – тұрғын үйлердің амандығын сақтау, ал жалпы жағдай толық бақылауда.

Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ Бозталдағы жағдай бақылауда, тұрғын үйлерге су қаупі жоқ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС