"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде медициналық қызмет көлемі артып, госпитальдық фармация енгізіледі

10.04.2026
Семейде медициналық қызмет көлемі артып, госпитальдық фармация енгізіледі
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы медициналық мекемелердің жұмысы, жаңа бөлімшелердің ашылуы және дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселелері БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында айтылды. Шара Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің қолдауымен өтті.

«МУС» КеАҚ университеттік госпиталінің педиатрия жөніндегі директордың орынбасары Дулат Каримовтың айтуынша, балалар стационары 150 орынға арналған.

– Аурушаңдық артқан кезде қосымша 20 төсек-орын ашуға мүмкіндігіміз бар. Ғимарат 1972 жылы салынған. Бүгін стационар облыстық балалар ауруханасының қызметін атқарады. Мұнда хирургиялық, неврологиялық және жарақат алған балалар ем қабылдайды. Облыстың бас штаттан тыс мамандары да осы жерде жұмыс істейді, – деді ол.

Сонымен қатар биыл мекемеде госпитальдық фармация бөлімін ашу жоспарланған.

– Балалар стационарында екі қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Күн сайын шамамен 150 бала жүгінеді. 2025 жылы 28 орындық балалар травматологиясы бөлімшесі ашылды. Биыл госпитальдық фармация енгізіледі. Бұл дәрілерді орталықтандырылған түрде таратуға мүмкіндік береді, адам факторын азайтып, тиімділікті арттырады, – деді Дулат Каримов.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының директоры Ерсін Сәбитов мекемеде төсек-орындардың басым бөлігі тұрақты түрде пайдаланылатынын атап өтті.

– Клиника 2013 жылы пайдалануға берілген. Мұнда кардиология, гематология, хирургия, травматология, урология бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар оңалту қызметтері көрсетіледі. Жылына 18 мыңнан астам адам ем алады. 375 төсек-орынның шамамен 90 пайызы тұрақты түрде толы, – деді ол.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

– Қызметкерлер үшін тұрақты түрде оқу курстары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Биыл Нагасаки қаласынан маман келіп, ортопедия және травматология бағытында оқыту өткізді. Екі науқасқа операция жасалып, олар сәтті шығарылды, – деді Ерсін Сәбитов.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айбол Маралбаевтың айтуынша, госпитальдық фармацияға көшу қауіпсіздік пен тиімділікті арттырады.

– Бұл жүйе дәрілерді үнемдеуге мүмкіндік береді. Әр науқас өзіне қажетті дәріні нақты алады. Дәрілер арнайы бөлмеде дайындалып, стерильді түрде қапталып, жеке нөмірмен жеткізіледі. Бұл қауіпсіздікті күшейтіп, жоғалту қаупін азайтады, – деді ол.

Сонымен қатар бұл тәсіл дәрілік заттардың айналымын бақылауды күшейтіп, оларды дұрыс мөлшерлеуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС