"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады

10.04.2026
«AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында облыстық форум өтті. Іргелі іс-шара тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тиімді шешімдер қабылдауға бағытталған ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев аталған жобаның негізгі мақсатына тоқталды.

«AMANAT» партиясы көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін «TURGYNDAR AMANATY» жобасын қолға алуда. Бүгінде Абай облысында тұрғын үй қоры кеңейіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы жүйелі түрде дамып келеді. Өңірде 2 084 көппәтерлі тұрғын үйдің 734-і кондоминиум ретінде тіркелген, ал қалғандары бойынша тіркеу жұмысы жалғасуда. Соңғы үш жылда 122 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Ең бастысы, жұмыс тұрғындармен кері байланысты күшейтуге бағытталуы қажет. Себебі МИБ және ПИК төрағалары тұрғындармен тікелей жұмыс істеген соң, нақты мәселелерді жақсы біледі. Сондықтан олардың ұсыныстары саланы дамыту ісінде маңызды рөл атқарады», – деді ол.

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай форум-семинарлар Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізіліп, оң нәтиже көрсетті.

«AMANAT» партиясы аталған жоба аясында МИБ және ПИК төрағаларына арналған «OSI-SKILLS» оқыту семинарларын ұйымдастыру, басқару жұмысын үйлестіретін қалалық кеңестер құру, депутаттардың тұрғындар алдында есеп беру жүйесін енгізу, әкімдіктермен меморандумдар жасау, «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру жұмысын жүргізу, халық қатысатын бюджет бағдарламаларын жүзеге асыру, үздік тұрғын үйлер байқауларын өткізу, кадрлық резерв қалыптастыру және бастауыш партия ұйымдарын құру сияқты бірқатар жүйелі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалар тұрғындар, басқарушы ұйымдар және жергілікті билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген міндеттерге ерекше назар аударылды. Абай облысының әкімі Берік Уәли бұл бағыттағы жұмыстар өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«AMANAT» партиясы халықпен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескеру арқылы нақты нәтижеге бағытталған жобаларды қолға алуда. Солардың қатарында «TURGYNDAR AMANATY» сияқты бастамалар тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға серпін беріп, басқару жүйесін ашық әрі тиімді етуге жол ашуда. Жоба аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, тұрғындардың шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуына жағдай жасау бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар басқару процестерін цифрландыруға, сервистік қызмет сапасын арттыруға және тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылуда», – деді Берік Уәли.

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қаладағы тұрғын үй қорын жаңарту жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде Семей қаласында 1588 көппәтерлі тұрғын үй бар. Бұл үйлерге 630 басқару органдары мен сервистік ұйымдар қызмет көрсетеді. Соңғы кезеңде 89 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып, 7 лифт ауыстырылған, ал биыл тағы 10 лифтіні жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып, оған тұрғындардың қатысу белсенділігі артып келеді. Бұл бастама тек қала аумағында ғана емес, облыс көлемінде де кеңінен жүзеге асырылуда.

Форум жұмысы соңында «AMANAT» партиясының мүшесі, «Асар» ПИК төрағасы Зәуре Қуанышбекова партия жұмысына алғыс білдіріп, өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретін алаңның маңызын атап өтті. Ол алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесінің тиімділігі артып, тұрғындардың басқару институттарына деген ықпалы мен көзқарасы нығая түсетініне сенім білдірді.

«AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады «AMANAT» партиясының жобасы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС