"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Абайға құрмет»: Семейде жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды

17.04.2026
«Абайға құрмет»: Семейде жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында жүзеге асырылатын жобаның өңір тұрғындары үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамалары аясында халықтың әл-ауқатын арттыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында бұқаралық спортты дамыту – салауатты ұлт қалыптастырудың маңызды элементі екенін атап өтті. «Абайға құрмет» акциясын ірі инвесторлар да қолдап отырғанын ілтипатпен айта кеткен жөн. Атап айтсақ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы жаңа шағын ауданда  жаңа стадион құрылысын бастап кетті. Осы үрдіспен «Самұрық – Қазына» АҚ спорт кешенін салуға өз қолдауларын білдіріп отыр. Бұл – өңіріміз үшін үлкен қуаныш. Бұл жоба тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына және бұқаралық спортты дамытуға үлкен серпін береді. Аталған нысан – тек спорт кешені ғана емес, ол – елдің болашағы саналатын жастардың денсаулығын нығайтуға, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған әлеуметтік маңызы жоғары жоба. Осы төңіректе 15 мыңға жуық халық тұрады. Бұл – осы ауданда салынғалы тұрған алғашқы спорт кешені. Құтты болсын», – деді Берік Уәли.

«Самұрық Қазына» басшысы жаңа нысанның қала тұрғындары үшін маңызды орталыққа айналатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ел бойынша ашылған 19 ірі спорт нысаны жұмыс істеп тұр және аталған кешендерде 700 мыңнан астам адам спортпен айналысуда. Спорт инфрақұрылымын дамыту – қордың негізгі әлеуметтік жауапкершіліктерінің бірі. Соңғы 8 жылда Абай облысында 4,3 млрд теңгеге 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Біз бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыра беретін боламыз. Бүгін құрылысы басталған нысан тұрғындардың спортпен айналысып, денсаулығын жақсартуға ықпал етеді», – деді ол.

Жаңа нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай операторы Samruk-Kazyna Trust арқылы қаржыландырылуда. Жалпы ауданы 2000 шаршы метр болатын екі қабатты орталықта әртүрлі спорт түрлеріне арналған зал, 100 көрерменге арналған трибуна, күрес және бокс залдары, тренажер залы мен қосалқы бөлмелер қарастырылған. Спорт кешені оң жағалауда, Сәтбаев көшесінде салынатын болады. Кешен лифтпен жабдықталады, соның арқасында екінші қабатқа барлық келушілер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді болады. Жобаны іске асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

«Абайға құрмет» акциясы аясында Алматы облысы Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңадан салынған саябаққа «Алтын адам» мүсінін орнатты. Маңғыстау облысының сыйлығы Достық үйінің құрылысы жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының сыйы Рәміздер алаңының құрылысы Бейбітшілік аралында қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы көрме орталығын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» ғимаратын, Атырау облысы «Абай әлемі» орталығын, Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Жетісу облысы Семейдің кіреберісіне қала қақпасын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ, Қостанай облысы руханият орталығын, Алматы қаласы медиаорталық, Астана қаласы «Келешек» мектебін салып берсе, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс өзені жағалауын абаттандырады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығымен қатар Семей қаласының Водный кентіне Мәдениет үйін сыйға тартпақ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС