"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

18.04.2026
Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар өңірлердегі нақты мәселелерді шешіп, ауыл өміріне тың серпін беріп келеді. Соның бірі – Бородулиха ауданы тұрғындары үшін маңызды нысанға айналған жаңа спорт кешені.

Бұған дейін ауданда заманауи спорт инфрақұрылымы болмаған. Жастар мен балалар спортпен жүйелі түрде айналысу үшін қолайлы жағдай таппай, көбіне мектеп залдары мен ашық алаңдарды ғана пайдаланатын. Ал аудандық және өңірлік жарыстардың өзге елдімекендерде өтуі жас спортшылардың мүмкіндігін шектеп келді.

Бұл мәселе «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүйелі түрде шешімін тапты. 2024 жылы «Бородулиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ салынып, аудан тұрғындарының игілігіне берілді

Бүгінде аталған нысан – ауданның негізгі спорт орталығы. Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған. Оның құрамына бірнеше ойын залы, жүзу бассейні және 500 орындық стадион кіреді. Бейнебақылау жүйелері орнатылып, қауіпсіздік талаптары да толық сақталған. Спорт мектебінде бокс, күрес, дзюдо, футбол, волейбол, жүзу, қазақ күресі, хоккей секілді спорт секциялары жұмыс істейді. Онда 650-ден астам бала спортпен тұрақты айналысады. Сондай-ақ 622 бала 12 спорт түрі бойынша дайындықтан өтуде. Бұдан бөлек аудандық деңгейдегі мини-футбол, баскетбол, бокс және басқа да жарыстар өткізіліп келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуде.

Жасалған жағдайдың нақты нәтижесі де бар. 2025 жылы шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатында Дария Волкова 2-орын иеленді. Бокс бойынша Алишер Күсембаев республикалық турнирде жеңімпаз атанды. Дзюдодан Арнұр Құмаров пен Еркенұр Маратқызы облыстық деңгейде жүлдегер атанып, Арнұр Құмаров республикалық турнирде 1-орынды жеңіп алды. Бұл көрсеткіш – жас спортшыларға жасалған жағдайдың нақты жемісі. Осылайша алдағы уақытта кәсіби спортшылардың жаңа буыны қалыптаспақ.

«Бұрын ауданымызда балаларға арналған мұндай спорт кешені жоқ еді. Балаларымыздың қайда барып, қалай жаттығатыны біз үшін әрдайым мәселе болатын. Енді ауылымызда заман талабына сай жаңа спорт кешені ашылып, балаларға барлық мүмкіндік жасалды. Қазір олар осы жерде спортпен шұғылданып, бос уақытын пайдалы өткізіп жүр. Менің де балам осы кешендегі бассейнге барады. Бұл оның көптен бергі арманы еді. Ең бастысы — ата-ана ретінде балаларымыздың қауіпсіз жерде жүргеніне сенімдіміз. Барлық жағдайы жасалған. Осындай игі істің жүзеге асқанына өте қуаныштымыз. Бұл жай ғана спорт кешені емес, бұл – балаларымыздың болашағына жасалған маңызды қадам. Осындай нысанның ашылуына үлес қосқан «AMANAT» партиясына ризашылығымызды білдіреміз», – дейді Бородулиха ауылының тұрғыны Еркежан Маутқанова.

Жаңа нысан ауданда спортты дамытуға ғана емес, жұмыспен қамту мәселесін шешуге де ықпал етті. Қазіргі уақытта кешенде 70-тен астам адам еңбек етеді, оның ішінде 30-дан астамы – жаттықтырушы. Бұл ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көзіне айналды.

Спорт мектебі барлық тұрғындар үшін қолжетімді. Белгіленген уақыттарда ересек адамдар де келіп, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алып отыр. Соның нәтижесінде Бородулиха тұрғындарының спортқа деген қызығушылығы айтарлықтай артып отыр.

Жалпы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Абай облысында бірқатар спорт кешені іске қосылып, спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

19.05.2026
Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі:...

Толығырақ...Details

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

19.05.2026
Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

Әлемдік қоғамдастық тарихи жолайрықта тұр. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология,...

Толығырақ...Details

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

19.05.2026
Құрылтай институты дала демократиясының бірегей үлгісі ретінде қызмет етті — Президент

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда —...

Толығырақ...Details

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

19.05.2026
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы елордадағы...

Толығырақ...Details

Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

19.05.2026
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

Алтын Орда дәуірінде Дала заңы мен ислам құқығының үйлесімді жүйесі қалыптасты. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда...

Толығырақ...Details

Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

19.05.2026
Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

4 минуты бұрын

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

5 минут бұрын

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

7 минут бұрын

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

8 минут бұрын

Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

10 минут бұрын

Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

15 минут бұрын

Президент Алтын Орданың зияткерлік мұрасын зерделеуді ұсынды

17 минут бұрын

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады — Тоқаев

18 минут бұрын

Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасы әлем үшін мән-маңызы зор — Тоқаев

20 минут бұрын

Құрылтай институты дала демократиясының бірегей үлгісі ретінде қызмет етті — Президент

22 минуты бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС