"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

21.04.2026
Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының жүзеге асу барысы және су заңнамасы талаптарының сақталуы талқыланды.

Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Қала және аудан әкімдері кеңеске бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов, Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігер баяндама жасады.

Кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң үрдіс сақталғаны айтылды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрап, республикалық деңгейден жоғары болған. Өнеркәсіпте 103,2 пайыз, ауыл шаруашылығында 103,5 пайыз, инвестицияда 121,8 пайыз, тұрғын үй құрылысында 141,3 пайыз өсім тіркелген. Сонымен бірге көлік пен сауда салаларында да тұрақты даму бар. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Абай облысы республикада бірінші орынға шыққан.

Жыл басынан бері облыстық бюджетке 207,8 млрд теңге салық түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 83,9 млрд теңгеге жетті. Қазіргі уақытта өңірде жалпы құны 4,3 трлн теңгеден асатын 107 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы жобалар аясында 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы саласында да өсім бар. Жалпы өнім көлемі ұлғайып, мал басы көбейген. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары кеңейіп, заманауи тәсілдер қолданылған егіс алқаптарының көлемі артқан.

Салық базасын ұлғайту бағытында да нақты нәтиже бар. Бірінші тоқсанда 63 салық төлеуші басқа өңірлерден Абай облысына қайта тіркеліп, бюджетке қосымша 422,3 млн теңге түскен. Бұл бағыттағы жұмыс Семей, Курчатов қалалары мен бірқатар аудандарда жүйелі жүргізіліп келеді.

Кеңесте алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдерінің қызметіне жүргізілген рейтинг нәтижесі де жарияланды. Бағалау 83 көрсеткіш негізінде жасалған. Нәтижесінде Абай, Бесқарағай және Жаңасемей аудандары үздік үштікке енсе, Курчатов қаласы, Бородулиха және Көкпекті аудандары төменгі сатыдан көрінді.

Берік Уәли кеңесте өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін барлық салада жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Үш ай қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен қала мен аудан әкімдеріне кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

«Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқаты мен бюджет тұрақтылығы – тікелей осы көрсеткіштердің орындалуына байланысты. Әрбір сала бойынша нақты нәтижеге жұмыс істеу қажет. Әкімдер мен басқарма басшылары өз бағыттары бойынша жауапкершілікті күшейтіп, жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», – деді облыс әкімі.

Кеңесте су заңнамасының сақталуы мәселесіне де ерекше назар аударылды. Өңірде қажетті құқықтық актілер қабылданып, су қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары басталған. Су нысандарын тазалау, жағалауды бекіту және су тасқынының алдын алу шаралары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар заңсыз су пайдалану мен рұқсатсыз құрылыс фактілерін анықтау және олардың алдын алу бағытындағы бақылау күшейтілген.

Облыс әкімі жауапты басқармалар мен әкімдіктерге су қорғау аймақтарын толық айқындау, тиісті белгілер орнату, су нысандарын санациялау жұмыстарын жандандыру, суармалы жерлерге қатысты нақты деректер ұсыну, ауыз суға арнайы рұқсаттарды рәсімдеу және су қорғау белдеулерінде заңсыз құрылысқа жол бермеу жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС