"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

27.04.2026
Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрт сөндіру бекетінде 1 өрт сөндіру көлігі, 1 жүргізуші және 2 қызметкер жұмыс істейді.

Бекет 2 тасымалды, 1 стационарлық және 1 мобильді радиостанциямен жабдықталған. Оның қызмет көрсету аймағына Қызыл кесік, Егіндібұлақ және Үштөбе ауылдары, сондай-ақ, 40-тан астам қыстақ (шаруа қожалықтары) кіреді. Жалпы алғанда, 736 тұрғын үй мен 2072 адам қамтылған.

Ауылдық округ аумағында өрт сөндіру қажеттіліктері үшін 35 өрт гидранты қарастырылған. Бекет қарауындағы аумақта дәрігерлік амбулатория, мектеп, балабақша және жергілікті атқарушы органдардың ғимараттары орналасқан.

Аймақ басшысы өрт сөндіру бекетінің ашылуы өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды нысан екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды», – деп айрықша атап өткен болатын. Бұл – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға әрі үлкен сенім. Осыған орай, Абай облысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2023-2026 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, материалдық-техникалық база айтарлықтай нығайтылды. Соның нәтижесінде заманауи, аса қажетті техникалар сатып алынды. Бүгін ашылып отырған Қызылкесік ауылындағы өрт сөндіру бекеті – осындай жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Заманауи талаптарға сай салынған бұл нысан өрт сөндіру техникасын, құрал-жабдықтарды және жеке құрамды орналастыруға толық мүмкіндік береді. Бекет қажетті техникамен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген», — деді Берік Уәли.

Шара барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «НС-ЕРТАЛ» ЖШС директоры Ернар Набиоллаевты азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен, Ақсуат ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктері жүргізуші-қызметкері Серікжан Әміров министрліктің Грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, Ақсуат ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұрболат Ербаев пен Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі Әділбек Қабдоловқа облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Жалпы облыс бойынша 326 елді мекен бар. Оның ішінде 90-ы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, ал 170-і «Ауыл құтқарушылары» бекеттерінің қорғауында. Қазіргі таңда өңірде аталған бағдарлама аясында 75 бекет жұмыс істейді. Биыл жыл соңына дейін қосымша 12 бекет ашу жоспарланып отыр.

Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС