"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

27.04.2026
Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тағамнан улану – микробты немесе микробсыз табиғаттағы, ауру тудыратын микроорганизмдермен не олардың токсиндерімен ластанған тағамдарды тұтыну нәтижесінде туындайтын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіпті түрлеріне тағамдық токсикоинфекциялар мен микробтық интоксикациялар жатады. Мұндай жағдайлар жыл мезгіліне қарамастан тіркелуі мүмкін. Бұл туралы Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әділ
Қалдыбатыр мәлімдеді.

Уланудың негізгі себептері – азық-түлік өнімдерін сақтау, тасымалдау және дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы, жарамдылық мерзімінің сақталмауы, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтамау. Әсіресе ет, балық, сүт өнімдері, консервілер және кремі бар кондитерлік өнімдер жоғары қауіп тудырады.

— Тағамнан улану белгілері ластанған тағамды тұтынғаннан кейін бірнеше минуттан немесе 2–4 сағат ішінде, кей жағдайларда 20–26 сағаттан соң да пайда болуы мүмкін. Негізгі симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің өтуі, іштің ауыруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, қан қысымының төмендеуі және жүрек соғысының жиілеуі,- дейді спикер.

Семей қаласы бойынша 440 тамақтану нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 24 қоғамдық тамақтану объектісі және 64 мектеп асханасы бар. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты жеке тұлғалардан 41 өтініш түскен.

— Сонымен қатыр қазір интернет-ресурстарды тұрақты түрде мониторингтеп, азаматтардың «е-Өтініш» жүйесі арқылы жолданған арыздары бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Анықталған бұзушылықтар негізінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі,- дейді Әділ Қалдыбатыр.

Тағамнан уланудың алдын алу мақсатында жеке гигиена ережелерін сақтау, тағамды дұрыс сақтау және дайындау, сондай-ақ сапалы өнімдерді таңдау қажет. Қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық талаптарды қатаң сақтау – халық денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі.

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды санитариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС