"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейдің даму жоспары талқыланды

28.04.2026
Семейдің даму жоспары талқыланды
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында Семей қаласын дамыту жоспары қаралды. Жиында қала әкімі Әділет Қожанбаев атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жобалар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы айқындаған өңірлерді теңгерімді дамыту саясаты аясында Семейде инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

Биыл қалада жалпы құны 68,9 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде 2300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар 2030 жылға дейін жалпы құны 112,8 млрд теңгені құрайтын 17 ірі инвестициялық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталып, инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Қалада көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту және жөндеу жұмыстары да жалғасып жатыр. «Жарқын келешек» бастамасы аясында тұрғын кварталдарды реновациялау және қоғамдық кеңістіктерді дамыту көзделген.

Семейде жалпы ұзындығы 756 шақырым болатын 1179 көше бар. Былтыр асфальтталған жолдардың үлесі 50 пайызға жеткен. Биыл 100 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 100 аула абаттандырылып, тағы 100 аулаға асфальт төселеді.

Қоғамдық көлік паркі де кезең-кезеңімен жаңартылмақ. Жыл соңына дейін бірнеше жаңа автобус сатып алу көзделген. Бұдан бөлек, Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді жаңғырту, жол айрықтарын салу және жаңа жол өткелдерін іске қосу жоспарланған.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары да назарда. Биыл Семейде 8000 ағаш отырғызу көзделген. Саябақтар, жағалаулар мен қоғамдық орындарды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жақын уақытта орталық алаңды толық жаңарту жұмыстары басталмақ.

Отырыста коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, арнайы техника сатып алу, спорт инфрақұрылымын дамыту және жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу мәселелері де қаралды.

Аймақ басшысы қала әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және экология мәселелерін тұрақты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Семей – тұңғыштар мекені, Алаштың астанасы, қойнауы құтты, тарихы тағылымды өлке. Киелі шаһардың инфрақұрылымы ескіріп, тозып тұрғаны жасырын емес. Бүгін біз осы қасиетті мекеннің бет-бейнесін өзгертіп, заман талабына сай дамыту мәселесін пысықтадық. Семей облыс орталығы болғаннан кейін үнемі назарымызда болады. Биыл қаланы дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Тазалық жұмыстарын әлі де жандандыру қажет», – деді Берік Уәли.

Семейдің даму жоспары талқыланды
default

Семейдің даму жоспары талқыланды Семейдің даму жоспары талқыланды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС