"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

28.04.2026
Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен әкімдік отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, қоныс аударушыларды қабылдау және Семей қаласының даму жоспары талқыланды.

Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалар баяндама жасады. Олардың қатарында сәулет, жер қатынастары, жұмыспен қамту саласының жетекшілері мен Әділет Қожанбаев бар.

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

Өңірде соңғы жылдары пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. 2022–2025 жылдары 481,5 мың гектар жер қайтарылып, оның едәуір бөлігі игеріле бастаған. Тек өткен жылдың соңғы тоқсанында жоспарланған көлемнен артық жер айналымға енгізілсе, биылғы алғашқы үш айда да белгіленген межеден жоғары көрсеткіш тіркелді.

Сонымен қатар бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы 983,7 гектар жер пайдалануға жарамды алқаптар қатарына қосылды. Оның ішінде 473,5 мың гектар жер Жаңасемей ауданына беріліп, кезең-кезеңімен шаруашылыққа тартылмақ.

Биыл пайдаланылмай жатқан 90 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарланған. Қазірдің өзінде 71,1 мың гектар жер қайтарылып, бұл жылдық жоспардың 79 пайызын құрап отыр. Жерлердің басым бөлігі жалдау мерзімінің аяқталуы, сот шешімдері немесе ерікті түрде кері қайтару арқылы алынған.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, 2026 жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған жерлерді толықтай айналымға енгізуді тапсырды. Сонымен қатар инвестор тарту мәселесіне ерекше назар аударуды міндеттеді.

Отырыста қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асырылуы да қаралды. Бүгінде өңірге 811 отбасы немесе 2289 адам көшіп келген. Олардың көпшілігі Семей қаласы, Жарма және Үржар аудандарына орналасқан. Биыл белгіленген 539 адамдық квотаның 67,7 пайызы игерілген.

Қоныс аударған азаматтарды жұмыспен қамту да басты назарда. Еңбекке жарамды тұрғындардың 71,4 пайызы жұмысқа орналасқан, оның ішінде басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жиында «Қаладан – ауылға» жобасының маңыздылығы атап өтіліп, көші-қон саясатын тиімді жүргізу арқылы өңірдегі еңбек нарығын теңгерімде ұстау қажеттігі айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС