"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

01.05.2026
«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бірнеше елді мекеннің тұрғындары құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлермен өз аудандарының инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін талқылады. Тәртіп сақшылары тұрғындардың назарын интернеттегі алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайларына ерекше аударды.

Абай облысында «Заң керуені» көшпелі акциясы ауылдық округтерге сапарын жалғастырды. Бұл жолы құқық қорғау органдарының, әкімдік пен салалық қызметтердің өкілдері Камышенка, Жезкент және Бородулиха тұрғындарымен кездесті. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, халықты алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесулер ресмиліксіз өтті: ауыл тұрғындары тікелей сұрақтар қойып, ең өзекті мәселелерді көтерді.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай мұндай кездесулердің тұрақты түрде өтетінін айтты.

— Өңірде арнайы топ құрылды, ол жыл бойы тұрғындармен кездесіп, кері байланыс жинайды. Оның құрамына түрлі ведомстволардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен тікелей диалог орнату, – деп атап өтті Олжас Соғымбай.

Тұрғындар жолдардың жағдайы, абаттандыру, жол белгілерін орнату және аумақтардың санитарлық тазалығы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ тас жолдардың бойында және орман алқаптарында пайда болған бейберекет қоқыс орындары туралы да айтылды.

Ауылдық округтердің учаскелік инспекторлары аудан бойынша жалпы ахуалдың тұрақты екенін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмегенін айтты. Дегенмен олар алдын алу жұмыстары мен тұрғындармен тұрақты байланысқа ерекше мән беріп отырғандарын атап өтті.

Абай облысы ПД профилактикалық қызметті үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Құтанбаев мобильді топтардың жыл бойы осындай кездесулерді жалғастыратынын айтты.

— Біз тұрғындармен кездесулерді жалғастырып жатырмыз. Мұнда тек полиция қызметкерлері ғана емес, облыстық прокуратура, экономикалық тергеу департаменті және әділет органдарының өкілдері де бар. Әрбір сұрағыңыз тіркеледі, кейін жеке қабылдауда мамандардан тікелей түсіндірме ала аласыздар, – деді Ернұр Құтанбаев.

Кездесуде кибералаяқтық мәселесі де бөлек талқыланды. Спикерлер мұндай қылмыстар өңірде жиілеп бара жатқанын атап өтті. Алаяқтардың құрбаны кез келген адам болуы мүмкін, әсіресе егде жастағы адамдар.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Мират Қабытаев алаяқтар көбіне психологиялық қысым әдістерін қолданатынын айтты.

— Адамдарға қоңырау шалып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырады, кейде бейнебайланыс арқылы сөйлеседі. Қаскөйлер ақшаңыз қауіпте екенін айтып, оны «қауіпсіз» шотқа шұғыл аударуды талап етеді. Олар адамға ойлануға уақыт бермей, асықтырады. Бұдан бөлек, жасанды интеллекттің көмегімен алаяқтар жақындарыңыздың дауысын да, бейнесін де қайталауы мүмкін. Алаяқтықтың тағы бір түрі – жеңіл табыс табуды уәде ету. Көбіне мұндай бейнероликтер танымал адамдардың, спортшылардың немесе саясаткерлердің атынан түсіріледі, – деді Мират Қабытаев.

Спикердің айтуынша, мұндай жағдай болғаннан кейін адам полицияға неғұрлым тез жүгінсе, аударымды тоқтатып, қаражатты қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Тұрғындардың бірқатар өтініштері салалық қызметтерге жолданып, бақылауға алынды.

Сондай-ақ жұмыс тобы Жезкент кентіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кент әкімі Бақыт Садыкова негізгі мәселелерді атап өтті. Тұрғындар жолдарды жөндеу, жылу мен ыстық судың тұрақсыз берілуі, сондай-ақ қоқыс орындарына қатысты мәселелерді көтерді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС