"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында агросалаға серпін: жаңа жобалар мен инвестициялар көлемі артты

04.05.2026
Абай облысында агросалаға серпін: жаңа жобалар мен инвестициялар көлемі артты
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында саланың қазіргі ахуалы мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Жиынға басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды. Негізгі баяндаманы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев жасады.

Өңірде Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында нақты шаралар қолға алынған. Соның нәтижесінде 2025 жылы агроөнеркәсіп кешені тұрақты өсім көрсетіп, облыс республика бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Егін шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Биыл егіс алқабы 789,3 мың гектарға жетіп, майлы дақылдар көлемі 340,3 мың гектарға ұлғайған. Көктемгі дала жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы арқылы 14 млрд теңге бөлініп, шаруаларға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, салаға 700 жаңа техника алынған.

Агросаланы дамыту мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған инвестициялық жобалар Жол картасы бекітілген. Жалпы құны 112,5 млрд теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылмақ. Биылдың өзінде 6 жоба іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылады. Соның бірі – «Агролидер KAZ» зауыты, ол бұршақ және басқа да дақылдарды өңдеумен айналысады.

Өңдеу өнеркәсібінде де ірі жобалар жоспарланған. Атап айтқанда, жылына 11 400 тонна өнім шығаратын ет комбинаты және 72 мың тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт іске қосылмақ.

Өңірде ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында ұзақ мерзімді жобалар пулы да жасақталған. 2031 жылға дейін жалпы құны 254 млрд теңгені құрайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл бастамалар нәтижесінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында ірі құс фабрикасының құрылысы басталмақ. Жоба толық іске қосылғанда жылына 150 млн дана жұмыртқа өндіріледі. Жарма және Бесқарағай аудандарында заманауи сүт фермаларын салу да жоспарланып отыр.

Мал шаруашылығы, оның ішінде қой өсіру саласына ерекше назар аударылған. Осы мақсатта арнайы бағдарлама қабылданып, асыл тұқымды мал санын арттыру көзделуде.

Су ресурстарын тиімді пайдалану да басты назарда. Алдағы жылдары өңірде жаңа су қоймалары салынып, ирригациялық жүйелер жаңғыртылады.

Жиын қорытындысында облыс әкімі агросаланы одан әрі дамыту, инвестиция тарту және өңдеу бағыттарын күшейту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Абай облысының ауыл шаруашылығына қолайлы мүмкіндігі мол, сондықтан осы әлеуетті тиімді пайдалану – басты міндет.

Абай облысында агросалаға серпін: жаңа жобалар мен инвестициялар көлемі артты Абай облысында агросалаға серпін: жаңа жобалар мен инвестициялар көлемі артты Абай облысында агросалаға серпін: жаңа жобалар мен инвестициялар көлемі артты

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС