"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕЙБІТ КҮННІҢ БӘРІ ЖЕҢІС

12.05.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей локомотив пайдалану депосының қызметкерлері аптаның соңғы жұмыс күнін ерекше салтанатты рәсіммен бастады. Олар ғимарат іргесіне осыдан он жыл бұрын қойылған, соғыс жылдарындағы теміржолшылар ерлігінің символына айналған, майдан даласынан оралған тарихи паровоз ескерткішінің алдында Мәңгілік алау жақты. Сондай-ақ соғыс жылдарында еңбек еткен, майданда шейіт болған және қазіргі күні араларында жоқ локомотившілерді еске алды.

{jcomments on}Жиылған көпшілік алдында кіріспе сөз алған Семей локомотив пайдалану депосының  басшысы Дәулет Ыдырысов соғыс жылдарында Жеңіс күнін жақындатуға ел локомотившілерінің де зор үлес қосқанын айтып өтті.

— Біздің локомотив депосында майдан даласында шайқасқан 135 қадірменді соғыс ардагері бар еді. Өкінішке орай, бүгінде олардың бірде-біреуі арамызда жоқ. Өткен жылдың күзінде соңғы қарт жауынгерімізді ақтық сапарға шығарып салдық. Ал қазіргі күні сол бір сұрапыл жылдарда тылда еңбек еткен 8 ардагер ғана бар. Олардың барлығын да үйлеріне барып, Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, мекеме атынан марапаттадық. Біз осы бейбіт күнге жеткізген жандар алдында әрдайым тағзым етеміз, — деді өз сөзінде Дәулет Тайтөлеуұлы.

 

Ал осыдан кейін сөз алған Семей жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов Жеңіс мерекесін атап өтудің бүгінгі өскелең ұрпақ үшін берер тәрбиелік мәніне және оны жақындатуға үлес қосқан теміржолшылар ерлігі мен еңбегіне кеңірек тоқталды.

 

— Біз екінші дүниежүзілік соғыс, онда қаза бол-ған ардагерлер жайлы неге жиі сөз қозғаймыз? Себебі  бұл — кейінгі ұрпақ осы қасіретті жылдарды ұмытпасын, қаруға құштарлық тек қайғы ғана әкелетінін түсінсін, бүгінгі елімізде орнаған бейбіт өмірдің, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін білсін деген ізгі ниеттен туындаған жайт, — деді Қ.Әлсейітұлы. Сондай-ақ қауіп-қатерге бас тігіп, майдан шебінде қызмет жасап, Отан алдындағы борышын адал өтеген машинистер жанқиярлығы  жайлы да сөз қозғап өтті.

Осыдан соң салтанатты түрде алау жағу рәсіміне кезек берілді. Бұл құрмет қалыптасқан дәстүр бойынша, мекеме мақтанышына айналған озат локомотивші, 1 класты машинист, депоның аға кезекшісі Анатолий Владимировичке берілді.

Ал соңынан Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, майданда қаза болған боздақтар мен ардагерлерді еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды.

Қуан ЕРТІС,

Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС