"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕЛІК КЕШ – МАЙДАНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ

12.05.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеңіс күні қарсаңында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінде Жеңіс балы  өткізілді. Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жанұя орталығы» ұйымдастырған шараға Ұлттық гвардияның № 5511 әскери бөлімшесі, «Шығыс» аймақтық әскери қолбасшылығының штабы, № 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат қолдау білдірді. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері мереке қарсаңында балет мектебі тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады.

{jcomments on}«Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері соғыс жылдарында  қайсарлық, ерлік көрсетіп, табанды еңбек етіп, Жеңіске жетті. Зұлымдық ұғымына тең деп түсінілетін фашизм сияқты құбыжық құбылыстан әлемді азат еткендердің қатарында болды. Біреулері от пен оқтың арасында жүріп — жауға қарсы тайсалмай айқасса, енді біреулері майданға жәрдем беру үшін жан аямай тер төкті. Ардагерлер мен тылда еңбек жасаған ата-апаларымызды қанша мақтан етсек те, артықтығы болмайды. Себебі олар өздерінің ерліктері мен табандылықтарының арқасында бізге, бүгінгі жас ұрпаққа осылай емін-еркін ойнап-күліп, шаттану, би билеп, мерекелік шаралар өткізу мүмкіндігін сыйлады. Жеңіс күні қарсаңында оларға тек қана жақсылық, бақыт тілейміз». Балет мектебінде өткен балға қатысушы өскелең ұрпақ өкілдерінің майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне қарата айтылған лебіздерінің жалпы мәні осындай болды.

Шара барысында балет мектебінің тәрбиеленушілері классикалық би өнерін қаншалықты меңгергендіктерін паш етті. Соның ішінде вальстен бастап балетке дейін билер орындалды. Сондай-ақ жиылған қауым назарына ұлттық мәнердегі хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Кештің құрметті қонақтары болған ата-әжелеріміз де қарап қалған жоқ. Балдың өтуіне қолдау көрсетіп келген әскери қызметкерлермен вальс биін биледі. Патриоттық тақырыптағы, соғыс жылдарындағы әндерді айтты.

 

Балда ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне отансүйгіштік, туған елін мақтан тұту сияқты ұғымдар туралы сауалдар қойылды. Көргендері мен көкейлеріне түйгендері мол қариялар барлық сұрақтарға жан-жақты, терең әрі мәнді жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Осылайша, ұйымдастырушылар майдангерлер мен тылда тер төккен аға буын өкілдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алғыстарына бөленді.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС