"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН МЕРЕКЕГЕ АРНАЛДЫ

12.05.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

8 мамыр, жұма күні Абай атындағы қазақ музыкалық—драма театрында Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналып салтанатты жиын өтті. Оған Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов бастаған әкімдік қызметкерлері, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қала тұрғындары, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының өкілдері қатысты.

{jcomments on}Сахнаның безендірілуі, қарт майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің, жиынға қатысуға келгендердің көңіл-күйі Жеңіс мерекесінің қаншалықты мәні бар екенін айғақтап тұрды. Қарша бораған оқтың арасында дұшпанмен тайсалмай айқасқан жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Залға жиналған қауым, шара басталмай тұрып, жас ұрпақ өкілдері қолдарына ұстаған о дүниелік болған соғысқа қатысқан сарбаздардың суреттерін көрді. Бірі ұрыс даласында оққа ұшқан, енді бірі бейбіт заманда өмірден озған майдангерлердің бейнелерінен сұм соғыстың жекелеген адамдарға, сонымен бірге жалпы халыққа қаншама қасірет әкелгенін білуге болатындай. Осылайша бүгінгі өскелең жастар кешегі батырлардың рухына тағзым жасады.

Салтанатты шара барысында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, көрермендерді «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы басшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Азамат Мұқатаев құттықтады. Жеңіс күні аталарымыз бен аналарымыздың рухын бүкіл әлемге танытқан қастерлі мереке екенін атап өтті. Жас ұрпақтың ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, майданда қаза тапқан боздақтарға қарыздар екенін тілге тиек етті. Жеңіске жеткен буын өкілдеріне құрмет көрсету қажеттігін айтты.

 

— Бүгінгі бейбіт өмір сүруіміз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің танытқан қайсарлығы, ерлігі мен еңбеккерлерінің арқасы. Отты жылдар қасіреті мен аталарымыздың батырлығы ешқашан ұмытылмауға тиіс. Біз соғыста жауға қарсы тайсалмай шайқасқан жауынгерлерді мақтан етеміз. Қазіргі таңда ардагерлер белсенді жұмыс істеуде. Патриоттық тәрбие ісіне атсалысуда. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтай келе, бақыт, шаттық тілеймін. Отанымыз  Қазақстан Республикасының өркендей беруі үшін, жемісті еңбек етулеріңізге тілектестік білдіремін, — деді Азамат Мұқатаев.

 

Сондай-ақ салтанатты жиын барысында үш ардагерге «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар Венгрия, Румыния, Чехия, Югославия мен Болгарияны азат етуге қатысқан Тұяқбай Алпысов, Балтық әскери-теңіз флотында ерлік танытып, Ленинградты азат етуге қатысқан Қамкетай Байыров, 1942 жылдан соғыс аяқталғанға дейін     Украин майданында соғысып, батылдығымен танылған Надежда Горбачева. Аттары аталған ардагерлердің үшеуі де еліміздің өркендеуіне, жастарға патриоттық тәрбие беруге     елеулі үлес қосып келеді.

Салтанатты шара ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне қаламыздың өнер ұжымдары әзірлеген патриоттық тақырыптағы әндер мен мазмұнды көріністерден тұратын концерттік бағдарламаға ұласты.

Мирас САМАЛБЕКҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС