"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

12.05.2026
Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жүректерді біріктірген ізгілік – қоғамның рухани деңгейін, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Мұндай игі бастамалар болашақ медицина мамандарының тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерін де қалыптастыруға зор ықпал етеді. Әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – қазіргі заман медицинасының ажырамас бөлігі болып табылады.

2026 жылы сәуірде қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары А.А. Мукушева, Г.К. Қайратова, А.К. Ибраева, Д.С. Серикова-Есенгельдина., Г.К. Қайратова, Д.М. Маратова, Ж.Е. Калбагаева, Д.Е. Советбековтың жетекшілігімен студенттер паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына барды. Іс-шара аясында мекеме пациенттеріне арналған «Ерікті түрде – баршаға пайда» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің волонтерлік қызметке қызығушылығын арттыру, олардың бойында әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мұқтаж жандарға көмектесуге деген ұмтылысты дамыту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған науқастарға жанашырлық пен адамгершілік қарым-қатынасты нығайту болды.

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Кездесу барысында қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары паллиативтік көмек көрсетілетін пациенттерге қолдау білдірудің маңыздылығын атап өтті. Олар адамгершілік, мейірімділік пен жан жылуының науқастар үшін қаншалықты маңызды екенін ерекше жеткізді.

Студенттер алдын ала дайындалған қажетті әлеуметтік күтім құралдарын пациенттерге табыстап, олармен әңгімелесіп, уақыт бөліп, моральдық қолдау көрсетті. Пациенттер де студенттермен ашық қарым-қатынас орнатып, көрсетілген қамқорлық пен ықылас үшін алғыстарын білдірді.

Акция нәтижесінде студенттердің волонтерлік қызметке деген ынтасы артып, науқастармен қарым-қатынас жасау дағдылары нығайды. Сонымен қатар, паллиативтік көмектің маңыздылығын терең түсініп, жанашырлық пен эмпатия сезімдері одан әрі күшейе түсті.

Аталған қайырымдылық шарасы волонтерлік қызметті дамыту мен әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бастамалармен үндес келеді. Волонтерлік қызмет туралы заң аясында мұндай іс-шаралар қоғамда азаматтық белсенділікті арттыруға және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Сонымен қатар, акция БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен де тығыз байланысты. Атап айтқанда, бұл бастама «Сапалы білім» (4-мақсат), «Денсаулық және әл-ауқат» (3-мақсат) бағыттарын жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Студенттердің тәжірибе арқылы білім алуы, қоғамның осал топтарына қолдау көрсетуі және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі – тұрақты әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Осылайша, мұндай қайырымдылық акциялары тек бір реттік көмек көрсетумен шектелмей, болашақ мамандардың кәсіби әрі адами құндылықтарын қалыптастыруға, қоғамның тұрақты дамуына негіз болатын игі дәстүрге айналуда.

 

Семей медицина университеті

«Қоғамдық денсаулық» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС