Semeytany.kz — 2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.
Іс-шараны Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстық терроризмге қарсы жедел штабтары бірлесіп өткізеді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың терроризм сипатындағы қауіптерге қарсы әрекет ету дайындығын тексеру.
Шара барысында түрлі сценарийлер пысықталып, күштік құрылымдардың өзара іс-қимылы сыналады. Оқу-жаттығу өтетін нысандардың маңында уақытша шектеу шаралары енгізіледі.
Осыған байланысты тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сену, жалған ақпарат таратпау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әрекеттеріне түсіністікпен қарау сұралды.
Мәлімдемені Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы таратты.







