"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды

14.05.2026
Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды. Ауқымды білім додасы №50 ІТ-мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Шара Абай облысының білім басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы және «U-STEM Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілуде.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатысу барысында. Атап айтқанда, Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларынан және Абай облысындағы мектептерден жиналған 150-ге жуық команда бақ сынасады. Жарыс робототехника және дрон ұшыру бағыттары бойынша ұйымдастырылып отыр.

Шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің инженерлік-техникалық қабілеттерін дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қажетті дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар турнир қатысушылардың тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісетін болады.

Абай облыстық «Дарын» орталығының директоры Жадыра Ниязбекованың айтуынша, мұндай турнирлер өңірдегі робототехника бағытын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

– «Бүгін Абай облысында өте ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Турнирге еліміздің әр өңірінен командалар келіп, өз жобаларын таныстыруда. Бұл тек жарыс қана емес, оқушылардың тәжірибе алмасып, жаңа достар табуына мүмкіндік беретін алаң. Сонымен қатар “U-STEM Foundation” қоғамдық қоры бүгінгі турнирге демеушілік жасап, жеңімпаздарға Шанхай мен Лос-Анджелес қалаларында өтетін халықаралық жарыстарға екі жолдама ұсынып отыр. Ал “Дарын” орталығы тарапынан жеңімпаздарға арнайы ақшалай жүлделер қарастырылған», – деді ол.

Жарысқа қатысушылар да өз жобаларын бірнеше ай бойы дайындағанын айтады. Павлодар қаласынан келген оқушылардың бірі роботты оқу жылының басынан бастап жасағандарын жеткізді.

– «Роботымызды оқу жылының басынан бастап дайындадық. Оған көп еңбек кетті. Біз Spike Prime жиынтығын қолдандық, кодтарын командамызбен бірге жазып, арнайы қондырмаларын жасадық. Оның басты ерекшелігі – бір қондырмамен бірнеше миссияны қатар орындай аламыз, бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ жобамызда металл іздегіш құрылғы бар. Оның жұмыс істеуі оны басқаратын адамның әрекетіне байланысты. Біздің жобаның ерекшелігі – қолжетімділігі мен бағасының салыстырмалы түрде төмен болуы», – дейді қатысушы.

Екі күнге созылатын турнир қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС