✔️Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.
Конкурстың мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру.
Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылым және мәдениет салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар арқылы қабылданады.
Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі:
1️⃣ аудандық (қалалық) кезең – 15 маусым мен 30 маусым аралығы;
2️⃣ облыстық кезең – 30 маусым мен 15 шілде аралығы.
❕Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны:
+7 705 853 82 13




