"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

15.05.2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында биылғы жылдың төрт айында тұрмыстық салада 1345 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізгі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін, ал әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлардың жауапкершілігін күшейту және зардап шеккендерге қолдау көрсету мәселелері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында талқыланды. Профилактикалық жұмыстар туралы Абай облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Мейрбек Нурекенов баяндады.

Спикердің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Осыған байланысты жәбірленушілерді қорғауды күшейтуге және «отбасылық бұзақылардың» жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілген.

– Белгілі болғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Оның бастамасымен қолданыстағы заңнамаға «отбасылық бұзақылардың» жауапкершілігін күшейтуге және олардың құрбандарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық теріс қылықтар санатына ауыстырумен қатар, 2025 жылғы 16 шілдеден бастап «сталкинг», яғни адамның еркінен тыс заңсыз қудалау, сондай-ақ «некеге тұруға мәжбүрлеу» әрекеттері үшін жауапкершілік енгізілді. Биыл аталған баптар бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық пен күш қолдану деректеріне жол берген 34 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар іс бойынша сот үкімдері шығарылып, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды, – деді Мейрбек Нурекенов.

Спикердің сөзінше, полиция қызметкерлері агрессивті мінез-құлыққа бейім адамдармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жәбірленушілерді қорғау шараларын қабылдауда.

– Осындай фактілердің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері аталған санаттағы тұлғаларды анықтау және профилактикалау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде, биылғы жылдың 4 айында тұрмыстық салада 1345 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, олардың басым бөлігін «отбасылық жанжалдар» құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1149 қорғау нұсқамасы шығарылып, олардың талаптарын бұзғаны үшін 122 адам жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, тұрмыстық салада тіркелген 1345 материалдың 100-інде қайталану белгілері бар, яғни құқық бұзушылықтар бір жыл ішінде екі және одан да көп рет жасалған. Бұл жекелеген азаматтардың агрессивті мінез-құлқы сақталып отырғанын және оларға қатысты профилактикалық жұмыстар мен бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді, – деп толықтырды Мейрбек Нурекенов.

Сонымен қатар спикер агрессорларды қайта әлеуметтендірумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, әсіресе отбасылық жанжалдардың куәсі болған балаларға қолдау көрсету мен бейімдеудің маңызы зор екенін атап өтті.

– Агрессорларды қайта әлеуметтендірумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын бейімдеу де аса маңызды. Қазіргі уақытта облыста бұл көмекті «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» көрсетеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрі 2026 жылды «Қауіпсіз балалық шақ кепілі жылы» деп жариялады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18 мамыры мен 8 маусымы аралығында республика аумағында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» атты флешмоб форматындағы кең ауқымды акция өтеді. Акция аясында отбасылық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балаларды қорғау мен қолдауға ерекше назар аударылады. Себебі дәл осы балалар – уақытылы көмекке, ведомствоаралық қолдауға және мемлекет тарапынан тиімді әрекет ету тетіктеріне аса мұқтаж ең осал санат, – деп қорытындылады Мейрбек Нурекенов.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС