"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

15.05.2026
Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және шығармашылық іс-шарасы барысында жаңартылған «Жас техниктер станциясы» пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Жоба аясында 13 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде робототехника, автомодельдеу, авиамодельдеу, алғашқы техникалық үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер, тігін ісі және спорт туризмі бағыттары жаңғыртылып отыр. Сонымен қатар, заман талабына сай 8 жаңа үйірме ашылады. Атап айтқанда, 3D-модельдеу және басып шығару, зымыран жасау және ұшқышсыз ұшу аппараттары, фото және бейнемонтаж, вокал және дыбыс жазу, техникалық шығармашылық, қыш өнері және цифрлық технологиялар. Бұл бағыттар балалардың тың идеяларын жүзеге асыруға жол ашады.

Жобаның негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің инженерлік, цифрлық және шығармашылық құзыреттерін дамыту. Ауыл және аудан мектеп оқушыларына заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік беру арқылы олардың кәсіби әлеуетін ашу және болашақтың сұранысқа ие мамандықтарына даярлау көзделген.

Ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы жаңа орталықтың ауыл балалары үшін зор мүмкіндік екенін атап өтті.

«Біз жасанды интеллект пен автоматтандыру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл станция балалардың робототехника, бағдарламалау және цифрлық дизайн саласындағы алғашқы қадамдарын жасауына мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – тек технологияны меңгеру емес, заманауи құралдарды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі өнерімізді жаңа деңгейге көтеру. Осы жерден шыққан шәкірттер ертеңгі күні еліміздің индустриясын алға сүйрейтін білікті инженерлер, ІТ-мамандар мен өнертапқыштар болады деп сенемін. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында Қазақстанды цифрлық технологиялары дамыған мемлекетке айналдыруды ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап өткен болатын. Осы стратегиялық міндет аясында елдің білім беру әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақстан халқына» Қорының қолдауымен «Батыр боламын» және «USTEM Foundation» қорлары балалар мен жасөспірімдердің цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі шығармашылық, техникалық және зияткерлік әлеуетін дамыту, заманауи технологиялар мен дәстүрлі өнер бағыттарын ұштастыра отырып, кәсіби  дағдылар қалыптастыру үшін жұмыстар атқарып жатыр. Жас техниктердің бағыт-бағдарын айқындап, оларды биік белестерге жетелеу – сіздердің қолдарыңызда. Станция жұмысына шығармашылық табыс тілеймін! Аягөз жерінен әлемді таңғалдыратын жаңа есімдер шыға берсін. Мекемелеріңіз құтты болсын, қадамдарыңыз сәтті болсын!», — деді Берік Уәли.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Белсенді жастар, бүгінгі орталықтың ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Қала мен ауыл балаларының сапалы білім мен заманауи мүмкіндіктерге қолжетімділігі тең болуы қажет. Бүгінгі жас ұрпақтың әлеуеті өте жоғары. Сондықтан білім алудан, ізденуден және жаңа бастамалардан қорықпаңыздар. Әрдайым оқып, дамып, алға ұмтылыңыздар», — деді Басқарма төрайымы

Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрайымымен бірге мекеме ішіндегі кабинеттерді аралап, оқушылармен, ұстаздармен пікірлесті.

«Jasampaz Urpaq» жобасы Абай облысында 2025 жылдан бері пилоттық режимде жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында Аягөз, Жаңасемей, Мақаншы және Бесқарағай аудандарындағы қосымша білім беру ұйымдары толық жаңғыртылып, заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдер үшін озық білім беру ресурстарына қолжетімді орта қалыптасты.

Қазіргі таңда үйірмелерге 216 оқушы қатысады. Жаңа бағыттар іске қосылғаннан кейін тағы 212 бала үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алып, 428 оқушы бір мезгілде білім алмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

01.07.2026
Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Онда өңірлерді жедел дамытудың заманауи тетігі белгіленген. «Жедел дамитын...

Толығырақ...Details

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

01.07.2026
Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау мен...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

01.07.2026
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

Қазақстан Республикасында электр энергетикасы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін, өндіріс орындарының қызметін және халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала болып...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

01.07.2026
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

01.07.2026
«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдерімен...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

01.07.2026
«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы арнайы мәлімдеме жасап, бұл оқиғаны ел тарихындағы маңызды кезеңдердің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

2 часа бұрын

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

3 часа бұрын

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

4 часа бұрын

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

4 часа бұрын

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

5 часов бұрын

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

5 часов бұрын

Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

5 часов бұрын

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

5 часов бұрын

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС