"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

16.05.2026
Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қабанбай ауылында Алакөл көлі жағалауындағы туристік кластерді дамыту мәселесіне арналған көшпелі отырыс өтті. Жиынға Мақаншы ауданының әкімі, облыстық басқарма басшылары мен жауапты мекеме жетекшілері қатысты.

Мәжілісте Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті күшейту, инженерлік желілерді жаңғырту, абаттандыру, цифрландыру және экологиялық тұрақтылықты сақтау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгельдин, туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышев, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай және «Visit Abai» КММ туристік ақпараттық орталығының директоры Серік Байжасаров баяндады.

Қазір жағалауда туристік маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жағалау аумағында 5000 метр қауіпсіздік қалқыма белгілерін орнату жоспарланған. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде. Биыл камералар санын 223-ке жеткізу жоспарланған. Әзірге 115 камера орнатылып жатыр. Бұдан бөлек, жағалауда дрондар арқылы мониторинг ұйымдастырылып, арнайы техника мен қызметкерлер жұмылдырылған.

Құтқару станциясы іске қосылып, өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Су көліктеріне арналған арнайы тұрақ аймағы да белгіленді. Сондай-ақ жарықтандыру желілерін жаңарту, арбат пен саябақты абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, демалыс аймақтарын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Осыған қоса санитарлық инфрақұрылымды күшейту және жағалауды қоршау жұмыстары да қолға алынған. Жағалауда 25 санитарлық торап, 35 душ кабинасы, 40 киім ауыстыру орны, 15 ауызсу фонтаны және 100 қоқыс контейнері орнатылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары тәулігіне екі рет жүргізіледі.

Көл жағалауында цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік және туристерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Қазір жағалауда байланыс сапасын жақсарту үшін антенналық мұнаралар салынып, талшықты-оптикалық желі тартылуда. Сонымен қатар, «Abai Travel» мобильді қосымшасы мен VizitAbai.kz туристік сайты жұмыс істейді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жағалаудан көшіріліп, кәріз және тазарту құрылыстарының жобалары жүзеге асырылуда. Туристік аймаққа әуе және теміржол қатынасы дамытылып, жағажайларда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдай қарастырылған.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Алакөл жағалауына келетін туристердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында биыл кең ауқымды мәдени және спорттық шаралар өткізіледі. 20 маусымда шомылу кезеңі салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Одан кейін әр сенбі-жексенбі сайын аудандардың мәдениет және өнер күндері мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, кезең-кезеңімен бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Абай өңірінен шыққан өнерпаздардың қатысуымен «Абай жұлдыздары» атты мерекелік жоба жүзеге асады. Сондай-ақ, этноконцерттер мен республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады. Туристік маусымның жабылуында кавер-шоу өтіп, түрлі аталымдар бойынша үздіктер марапатталады.

Жиын барысында облыс әкімі Алакөл жағалауында туризмді дамыту мақсатында «Visit Abai» КММ туристік ақпараттық орталығының құрылғанын айтып, оның директоры Серік Байжасаровты көпшілікке таныстырды. Аймақ басшысы аталған орталық басшысына Мақаншы ауданы әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеп, шомылу маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру міндетін жүктеді.

Көшпелі отырыс соңында аймақ басшысы жаңа туристік маусымға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Алакөл жағалауы еліміздегі ең ірі туристік бағыттардың бірі болып саналады. Жыл сайын мұнда келетін демалушылар саны артып келеді, бұл өз кезегінде инфрақұрылымға, қызмет көрсету сапасына және қауіпсіздік деңгейіне қойылатын талаптарды күшейтуде. Сондықтан дайындық жұмыстарын кешіктірмей, бүгіннен бастап жүйелі жүргізу қажет. Аз уақыт ішінде шомылу маусымы басталады. Соған дайын болуымыз қажет. Осы себепті жауапты басқарма басшылары, мамандардың басын қосып, Алакөл жағасында арнайы көшпелі отырыс өткізіп отырмыз. Дайындық жұмыстарын кешіктірмей, бүгіннен бастап жүйелі түрде жүргізуіміз қажет. Уақыттың тез өтетінін бәріміз жақсы түсінеміз. Жаңа туристік маусымға дайындық жұмыстары жыл басынан бері жүйелі түрде жүргізілуде. Дегенмен инфрақұрылымды дамыту, тазалық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасау бойынша бүгіннен бастап нақты жоспар құрып жұмыс істеуіміз керек. «Әлі ерте» немесе «уақыт жеткілікті» деген көзқарасқа жол берілмеуі тиіс. Әрбір жауапты құрылым өз міндеттерін айқындап, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгілеуі керек. Негізгі мақсат — жазғы туристік маусымды жоғары деңгейде өткізіп қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін сапалы жаңа деңгейге көтеру», — деді Берік Уәли.

Айта кетейік, туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Үржар ауданының әуежайынан «Qazaq Air» және «SCAT Airlines» әуе компанияларының рейстері тұрақты түрде қатынайтын болады. Ұшақтар аптасына 7 рет ұшып, аудан тұрғындары мен туристер үшін көлік қатынасының қолжетімділігін арттырмақ. Осы уақытқа дейін әуежайдағы ұшып-қону жолағы жаңартылды. Қазір әуежайда құны 6,8 млрд теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жалаңашкөл теміржол вокзалы да жаңғыртылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС