"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ғылымды дамытуға арналған жаңа бастамалар таныстырылды

19.05.2026
Ғылымды дамытуға арналған жаңа бастамалар таныстырылды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде өткен «ABAI SCIENCE FEST» фестивалі аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жас ғалымдарымен кездесті.

Кездесуге Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университеті, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, Ядролық медицина және онкология орталығы, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары қатысты.

Фестиваль барысында агротехнология, медицина, жасанды интеллект, биотехнология, ядролық технологиялар, экология және тағам өндірісі бағытындағы ғылыми жобалар мен инновациялық әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми өнімдері таныстырылып, дегустация аймағы жұмыс істеді.

Шәкәрім университетінің өкілдері агротехнопарк, инженерлік және зертханалық жобаларын таныстырса, Семей медицина университетінің студенттері онкология, ЭКГ талдау және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған жасанды интеллект негізіндегі жобаларын ұсынды. Ал Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркі атом энергетикасы, радиациялық технологиялар және өнеркәсіптік инновациялар бағытындағы жұмыстарын көрсетті.

Кездесу барысында аймақ басшысы өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру, қолданбалы ғылымды дамыту және жастардың ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне тоқталды.

Берік Уәлидің айтуынша, Семей қаласының солтүстік бөлігіндегі жаңа Smart City аумағында заманауи «Ғалымдар үйі» салу жоспарланып отыр. Онда ғылыми зертханалар, қажетті инфрақұрылым мен заманауи құрал-жабдықтар орналастырылады.

Сондай-ақ облыс әкімі қала әкіміне «Otbasy Bank»-пен бірлесіп жас ғалымдарды «Абай жастары» бағдарламасына енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, жас зерттеушілерге қоғамдық бірлестік құрып, ғылым саласындағы мәселелерді әкімдік және бизнес өкілдерімен бірлесіп шешу ұсынылды.

Жиын қорытындысында өңірлік ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеу тапсырылып, оған жас ғалымдардың ұсыныстары ескерілетіні айтылды.

Ғылымды дамытуға арналған жаңа бастамалар таныстырылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС