"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

19.05.2026
Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл бұл жоба үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шараға еліміздің 6 облысынан келген 11 команда қатысты. Атап айтқанда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарының студент жастары бас қосты.

Жоба Абай мұрасы арқылы жастар арасында әділдік, адалдық, парасаттылық секілді құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар, шара аясында жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға басымдық берілді.

Зияткерлік ойын әдеби Quest және Quiz форматында ұйымдастырылды. Әдеби Quest барысында қатысушылар Семей қаласы мен «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешені аралығындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тапсырмаларды орындады.

Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Нұрболат Боқаевтың айтуынша, мұндай жобалар жастардың әділдікке деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

— Маңғаз Маңғыстаудан Абай облысына арнайы келдік. Біз бұл шараға қатысушы әрі қонақ ретінде келдік. Дәл қазір Мұхтар Әуезов музейін аралап, ерекше әсер алып жатырмыз. Көптеген сұрақтарымызға жауап тауып, жаңа мәліметтермен таныстық. «Заң мен тәртіп» идеологиясының жастарға берері мол деп ойлаймын. Себебі болашақта жастар әділ, адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат болуы керек. Осындай жобалар жас буынды әділдікке тәрбиелейді. Бүгінгі жарыстың өзі жоғары деңгейде әрі әділ ұйымдастырылған, — дейді қатысушы.

Ал Алматы облысынан келген Есік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті Луиза Ұзақ бұл сапардың өзіне ерекше әсер сыйлағанын айтады.

— Біз Есік қаласынан «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған республикалық зияткерлік жарысқа қатысу үшін арнайы келдік. Семей өңіріне алғаш рет келуім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Осы уақытқа дейін Абайды тек кітаптар мен түрлі ақпараттар арқылы танып келсек, бүгін оның тұлғасын мүлде жаңа қырынан таныдым. Абай жүрген жерлерді көріп, өмір сүрген ортасымен жақынырақ танысу ерекше әсер сыйлады. Ойын өте қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе, квесттің музейлер арасында өткені қатты ұнады. Мұндай формат қатысушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін дамытып, бірлесіп шешім қабылдауға үйретеді, — дейді ол.

Шараның екінші жартысында қатысушылар «Қазақша Quiz» интеллектуалдық ойынында бақ сынады. Quiz сұрақтары Ұлы Абайдың өмірі, Абай өңірінің киелі орындары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы халықаралық тәжірибелерді қамтыды.

Жалпы, Абай идеяларын арқау еткен республикалық интеллектуалдық Quest жастардың ой-өрісін кеңейтіп, құндылықтық бағыт-бағдарын айқындайтын мазмұнды шараға айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС