"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

19.05.2026
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Көптеген халықтың тарихи жадында реформаторлар мен көрнекті ойшылдардың қалыпты тіршілігіне қарағанда, билеушілердің жорығы мен дарынды қолбасшылардың ерліктері сақталатынын жоғарыда айтып өттім. Расында, соғыстардағы аңызға айналған жеңістер адамдардың рухын оятады. Ал тағдыршешті мәні уақыт өте келе байқалатын институционалды жаңашылдықтар мен озық идеяларға көпшілік селт ете қоймайды. Оған әлі күнге дейін Ұлы дала тарихының шексіз шайқастар мен ұрыстар ретінде бұрмаланып көрсетілуі нақты мысал бола алады. Мұндай сыңаржақ ұстаным Ұлы даланың, әсіресе, Алтын Орданың күрделі, көп қатпарлы өмір салтын әскери шежірелердің ойдан шығарылған өлшемдеріне салып, тарихи шындықтан алыстатады, оқиғаларды көмескілендіре түседі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазіргі ғылымның жоғары пәнаралық даму деңгейі Алтын Орда тарихын объективті зерттеу үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп санайтынын айтты.

— Бүгінгі жиында аталған кезеңді зерттеп жүрген беделді ғалымдар бас қосып отыр. Осы орайда Алтын Орда тарихын пайымдау перспективасын кеңейтуге көмектесетін бірқатар ғылыми ізденіске байланысты өз ойымды қысқаша жеткізгім келеді, — деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

19.05.2026
Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

Semeytany.kz – Абай облысының делегациясы Австралияға барып, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында өңір өкілдері...

Толығырақ...Details

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

19.05.2026
Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік...

Толығырақ...Details

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

19.05.2026
Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Қазіргі...

Толығырақ...Details

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

19.05.2026
Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Қазір өңірде 10 теміржол вокзалын...

Толығырақ...Details

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

19.05.2026
Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

Semeytany.kz – Абай облысында мобильді байланыс пен интернет инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа жұмыстар қолға алынбақ. Облыс әкімі Берік Уәли «Мобайл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

28 секунд бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

3 минуты бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

5 минут бұрын

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

8 минут бұрын

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

10 минут бұрын

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

11 минут бұрын

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

21 минута бұрын

Президент: Алтын Орда жылнамасы — адамзатқа ортақ тарих

48 минут бұрын

Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі кезеңі ретінде қарастырады — Президент

49 минут бұрын

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Мемлекет басшысы

50 минут бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС