"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды.

Қазір өңірдегі су айдындарында бұқаралық демалыс, туризм және спортқа арналған 21 орын белгіленген. Оның 15-і коммуналдық жағажай, 2-еуі жеке жағажай, тағы 4-еуі жаппай демалыс аймағы.

Мамандардың айтуынша, өткен жылы облыстағы су айдындарында 12 адам, оның ішінде 4 бала суға батып қайтыс болған. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамау, мас күйінде суға түсу және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болған.

Шомылу маусымына дайындық аясында Алакөл жағалауында құтқару станциясы ашылды. Сонымен қатар халық көп жиналатын орындарда патрульдеу күшейтіліп, 30 жаяу және 16 мобильді бекет қойылады. Бұл жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті мен әскери бөлімнің 100-ден астам қызметкері жұмылдырылады.

Су айдындарында оқу-жаттығулар өткізу, су түбін тазарту, қауіпті аумақтарға ескерту белгілерін орнату және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту де жоспарланып отыр. Жиында Алакөл көліндегі шағын көлемді кемелер үшін арнайы пирстер орнату, жағалаудағы бейнебақылау жүйесін кеңейту, сондай-ақ Семей қаласындағы жабдықталмаған жағажайларды ретке келтіру мәселелері көтерілді.

Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жабдықталмаған жағажайларды бақылауға алып, ресми демалыс орындарының санын арттыру, туристік аймақтардың қауіпсіздігі мен инфрақұрылымына талдау жүргізу және шағын көлемді кемелердің қозғалысын қатаң бақылау қажеттігін айтты.

«Шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік мәселесі ерекше жіті бақылауды талап етеді. Әрбір қайғылы жағдайдың артында адам өмірі тұрғанын ұмытпауымыз қажет», – деді Берік Уәли.

Отырыста «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының жүзеге асу барысы да қаралды. Бағдарлама аясында 16 мамыр күні облыстың барлық елді мекендерінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылған. Сенбілікке 15 мыңнан астам тұрғын қатысып, 471 ұйым мен 204 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1651 аула, 79 саябақ пен сквер тазартылып, 3342 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар биыл облыс аумағында 67 мың көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 52 мыңнан астамы егілді.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС