"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

21.05.2026
“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» 2023–2027 сайлауалды бағдарламасы аясында Абай облысы  Абай ауданына қарасты Орда елді мекенінің тұрғындары тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келген амбулаториялық пункт мәселесі шешімін тауып, нысан халық игілігіне берілді.

300-ге жуық тұрғыны бар елді мекенде бұрын амбулаториялық пункт болмаған. Медициналық көмек алу үшін тұрғындар өзге ауылдарға немесе аудан орталығына қатынауға мәжбүр еді. Әсіресе қыс мезгіліндегі ауа райы мен жол жағдайы бұл қиындықты одан әрі күрделендіріп, уақытылы медициналық көмек алуға кедергі келтіретін.

Тұрғындардың өтініштері негізінде бұл мәселе «AMANAT» партиясының назарына алды. Партия өкілдері мен депутаттар тарапынан нысан құрылысына тұрақты партиялық мониторинг жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданды. Абай аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еділ Құдайбергенов құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі жіті назарда болғанын атап өтті.

Соның нәтижесінде 2025 жылы Орда ауылындағы медициналық пункт толық іске қосылды.

«Бұрын соңды ауылымызда амбулаториялық пункт болмаған. Бұл ауыл өміріне үлкен өзгеріс әкелді. AMANAT партиясының қолдауымен 2025 жылы салынып, іске қосылды. Халық ризашылығын білдіруде. Дәрігер көмегіне өте мұқтаж жандар бар. Күні-түні жұмыс істейтін мамандарға және атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстарға алғысымызды айтамыз», — дейді ауыл тұрғыны Меруерт Игибаева.

Елді мекенде медициналық нысанның болмауы тұрғындарға айтарлықтай қиындық келтірген болатын. Дәрігер қабылдауына қаралу немесе қажетті тексеруден өту үшін өзге елді мекендерге баруға тура келетін. Бұл әсіресе егде жастағы азаматтар мен балаларға қолайсыздық туғызды. Соның салдарынан уақытылы медициналық көмек алу қиындап, тұрғындардың алаңдаушылығы артқан. Қазір елді мекенде амбулаториялық пункттің ашылуы халыққа қажетті медициналық қызметті жақын жерден әрі жедел алуға мүмкіндік беріп отыр.

Ал 70-тен асқан зейнеткер Ысқақ Берікхан соңғы жылдары ауылдағы оң өзгерістерді атап өтті: «AMANAT партиясының араласуымен ауылға жол салынды. Бұрын мұндай инфрақұрылым болмаған. Амбулатория, мектеп салынды, жаңа үйлер бой көтерді. Тіпті бүгін жылжымалы медициналық кешен келіп, ЭКГ, УЗИ диагностикалық тексерулерден өтіп жатырмыз», — дейді ол.

Үш жылда Абай облысында сайлауалды бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласында 65 нысан іске қосылып, ауыл тұрғындарының сапалы қызметке қолжетімділігі артып отыр. Орда ауылындағы амбулаториялық пункт — халық сұранысына нақты жауап берген жобалардың бірі. Бүгінде бұл нысан жүздеген тұрғынның тұрмыс жағдайына оң әсер етіп, ауыл халқының денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқаруда.
“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде “AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде “AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде “AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС