"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

21.05.2026
Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл бұл жоба үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауқымды шараға еліміздің 5 облысынан келген 11 команда қатысты. Атап айтқанда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарының студент жастары бас қосты.

 

Жоба Абай мұрасы арқылы жастар арасында әділдік, адалдық, парасаттылық секілді құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар, шара аясында жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға басымдық берілді.

Зияткерлік ойын әдеби Quest және Quiz форматында ұйымдастырылды. Әдеби Quest барысында қатысушылар Семей қаласы мен «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешені аралығындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тапсырмаларды орындады.

 

Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Нұрболат Боқаевтың айтуынша, мұндай жобалар жастардың әділдікке деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 

— Маңғаз Маңғыстаудан Абай облысына арнайы келдік. Біз бұл шараға қатысушы әрі қонақ ретінде келдік. Дәл қазір Мұхтар Әуезов музейін аралап, ерекше әсер алып жатырмыз. Көптеген сұрақтарымызға жауап тауып, жаңа мәліметтермен таныстық. «Заң мен тәртіп» идеологиясының жастарға берері мол деп ойлаймын. Себебі болашақта жастар әділ, адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат болуы керек. Осындай жобалар жас буынды әділдікке тәрбиелейді. Бүгінгі жарыстың өзі жоғары деңгейде әрі әділ ұйымдастырылған, — дейді қатысушы.

 

Ал Алматы облысынан келген Есік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті Луиза Ұзақ бұл сапардың өзіне ерекше әсер сыйлағанын айтады.

 

— Біз Есік қаласынан «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған республикалық зияткерлік жарысқа қатысу үшін арнайы келдік. Семей өңіріне алғаш рет келуім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Осы уақытқа дейін Абайды тек кітаптар мен түрлі ақпараттар арқылы танып келсек, бүгін оның тұлғасын мүлде жаңа қырынан таныдым. Абай жүрген жерлерді көріп, өмір сүрген ортасымен жақынырақ танысу ерекше әсер сыйлады. Ойын өте қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе, квесттің музейлер арасында өткені қатты ұнады. Мұндай формат қатысушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін дамытып, бірлесіп шешім қабылдауға үйретеді, — дейді ол.

 

Шараның екінші жартысында қатысушылар «Қазақша Quiz» интеллектуалдық ойынында бақ сынады. Quiz сұрақтары Ұлы Абайдың өмірі, Абай өңірінің киелі орындары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы халықаралық тәжірибелерді қамтыды.

 

Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін сынақтан өткізді.

 

Марапаттау рәсімінде сөз алған Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов қатысушыларды құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды.

 

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ең алдымен заңнан емес, сана мен тәрбиеден басталады. Бұл ұлы ұстанымды Хакім Абай өз шығармаларында терең толғап, кейінгі ұрпаққа аманат етті. Абайдың «Адал жүріп, адал тұр» деген тағылымды сөзі – тұтас бір өмірлік қағида, әділетті қоғамның темірқазығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан» құру жолында заң үстемдігі мен адалдық қағидатына ерекше мән беріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы – ең алдымен жас ұрпақтың санасына байланысты. Бүгінгі додада қатысушылар өздерінің білімін ғана емес, биік мәдениетін, терең танымын және ұлт құндылықтарына деген құрметін көрсетті, — деп атап өтті басқарма басшысы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев өз сөзінде іс-шараның ерекшелігін атап өтті.

Бұл шараның басты ерекшелігі – жастардың тарихи-мәдени мұрамен жақын танысуы, туған жер тарихын өз көзімен көруі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тағылымды ойларды бойына сіңіру. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара жастардың әділдік пен парасаттылық қағидаттарын берік ұстануына, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенеміз – деп атап өтті Қайрат Сапарғалиев.

Республикалық зияткерлік ойын қорытындысында барлық кезең бойынша жинаған ұпайлар есептеліп, жүлделі орын иегерлері анықталды. Атап айтқанда, Абай облысының Жастар мәслихаты командасы I орынды иеленсе, II орын Шығыс Қазақстан облысынан келген Сәрсен Аманжолов университетінің студенттеріне бұйырды. Ал III орынды Семей медицина университеті командасы қанжығасына байлады.

 

Айта кетейік, «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

Ұқсас жаңалықтар

Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

06.06.2026
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

Ұлттық спортты, өнерді, білім мен руханиятты тоғыстырған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, өнерпаздар мен қонақтар жиналды. Фестивальдің ашылу салтанатында облыс...

Толығырақ...Details

Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

05.06.2026
Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Абай облысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді

05.06.2026
Абай облысында волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді

Абай облысында волонтерлік қызметке қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда өңірде 43 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олардың құрамында 5 744 жас...

Толығырақ...Details

Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

05.06.2026
Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Абай облысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы...

Толығырақ...Details

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

03.06.2026
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Іс-шара аясында...

Толығырақ...Details

Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

03.06.2026
Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

Қазақстан мен Кипр президенттерінің келіссөздерді ресми делегацияның қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың Еуропалық Одақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

13 часов бұрын

Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

2 дня бұрын

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

4 дня бұрын

Қазақстан Кипрмен жан-жақты әріптестікті дамытуға мүдделі – Президент

4 дня бұрын

Кипр инвесторлары Қазақстан Үкіметінің нақты қолдауын ала алады – Президент

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

4 дня бұрын

Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС