"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

25.05.2026
Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Семей қаласындағы сауда базарларын жаңғырту және олардың сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі Берік Уәли төрағалық еткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтің айтуынша, Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес өңірде сауда базарларын жаңғыртуға арналған Жол картасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта «СМОКК» базары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстары аяқталып, техникалық шарттар алынған. Сонымен қатар, контейнерлер мен шатыр құрылымдарын демонтаждау жүргізілуде. Саудагерлердің бір бөлігі «Северный» сауда-логистикалық орталығына және уақытша сауда орындарына көшірілген. Дайындық жұмыстары аяқталған соң құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Ал «Мереке» базарында құрылыс алаңын дайындау және сауда контейнерлерін алу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын маусым-шілде айларында бастау жоспарланған. Кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпау үшін негізгі сауда қатары жұмысын жалғастыруда.

«Ақшың» базарында ғимарат қасбетін сырлау жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, «Жансая» базары бойынша эскиздік жоба дайындалып, көше бойындағы сауда қатарларын ретке келтіру және қасбетті жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Бұдан бөлек, базар аумағындағы контейнерлерді демонтаждау жалғасуда. «Нива» сауда үйінде шатыр жөндеу және сыртқы келбетін жаңарту жұмыстары басталған. Ал «Турист» қонақ үйінің эскиздік жобасы әзірленіп, «Rakhat Palace» қонақ үйі мен «Жақсылық» бизнес орталығында қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Жиын барысында облыс әкімі қала әкімдігі мен жауапты басқармаларға базар маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауда ұстауды, заңсыз құрылыстарды анықтау жұмыстарын күшейтуді және Жол картасының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сауда нысандарын жаңғырту жұмыстары тұрақты бақылауда болуы тиіс. Бірқатар нысанда оң өзгерістер байқалады. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылым, қаржыландыру және құрылыс қарқынын жеделдету мәселелері де өзекті болып отыр. Бұл жұмыстар аудан орталықтарындағы сауда нысандарында да назардан тыс қалмауы керек», – деді Берік Уәли.

Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

58 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС