"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

25.05.2026
Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалық еткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі өрт қаупі бар маусымның өтуі, сауда нысандарының жағдайы және базарларды жаңғырту мәселелері қаралды.

Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бауыржан Аринов, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы Қазбек Әметов және кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков баяндама жасады.

Мәліметке сәйкес, өрт қаупі бар маусым басталғалы облыс аумағында жалпы көлемі 45 гектарды құрайтын 19 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,6 пайызға төмен көрсеткіш. Қазір өңірде 38 ведомствоаралық мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 77 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,1 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Облыста ғарыштық мониторинг пен авиациялық бақылау жүйесі ұйымдастырылған. Сонымен қатар «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған 76 өрт бекеті жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 45 бекетті ашу және жаңғырту жоспарланып отыр.

Кеңесте «Семей орманы» резерватының жұмысы да талқыланды. Қазір резерватта 30 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. Өрт сөндіру қызметінде 726 адам еңбек етеді. Соңғы жылдары материалдық-техникалық база жаңартылып, биыл өрт сөндіру жабдықтары мен байланыс жүйелерін жетілдіруге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, 33 экшн-камера, 35 дүрбі, 1 квадроцикл сатып алу жоспарланған. Лизинг арқылы 35 патрульдік көлік пен 5 квадроцикл алу көзделіп отыр.

Аймақ басшысы өрт қаупі бар кезең ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Соңғы жылдардағы табиғи-климаттық жағдайлар, күннің күрт ысуы мен құрғақшылық орман және дала өрттерінің қаупін күшейтіп отыр. Сондықтан барлық жауапты мекемелер үйлесімді әрі жедел жұмыс істеуі қажет. Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген режимде жұмыс атқарып, өрттің алдын алу шараларын тұрақты жүргізуі керек», – деді облыс әкімі.

Жиын қорытындысында қала және аудан әкімдіктеріне минералдандырылған жолақтарды уақытылы дайындау, өрт сөндіру бекеттерін жаңғырту, қоқыс полигондарын қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы өрт қаупін бақылауды күшейту және жарамсыз техникаларды қысқа мерзімде жөндеу тапсырылды. Сонымен қатар табиғи ресурстар басқармасы мен «Семей орманы» резерватына орман өртін ерте анықтау жүйесін жетілдіру, патрульдеу мен мониторингті күшейту, суаттар мен байланыс жүйелерін жаңғырту міндеті жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

58 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС