"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Терезе ашудан қалдық»: тұрғындарды алаңдатқан мәселе «AMANAT» араласқаннан кейін қалай шешілді?

03.06.2026
«Терезе ашудан қалдық»: тұрғындарды алаңдатқан мәселе «AMANAT» араласқаннан кейін қалай шешілді?
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы Семей қаласындағы Ломоносов көшесі, 24-үй тұрғындары бірнеше жылдан бері жаз мезгілінде тұрмыстық қолайсыздықпен бетпе-бет келіп келген. Тұрғындардың айтуынша, үйге іргелес орналасқан «BigBen» кафесінің мангал аймағынан шығатын түтін мен жағымсыз иіс кешкі уақытта терезе ашуға мүмкіндік бермей, тіпті түтін тұрғын үйлердің ішіне дейін тараған. Бұл жағдай әсіресе балалар мен қарттардың денсаулығына алаңдаушылық туғызған.

Осы мәселе бойынша тұрғындар «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген. Көп жылдан бері шешілмей келген түйткіл партия тарапынан назарға алынып, бірден тиісті жұмыс жүргізілген. Партия өкілдері мәселені зерделеу мақсатында мемлекеттік органдарға ресми хаттар жолдап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, мангал аймағының заңдылығы және түтін шығару жүйесінің тиімділігі бойынша тексеріс жүргізу қажеттігін көтерген. Сонымен қатар, тұрғындармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, жағдай жергілікті жерде қаралған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні аталған мәселе оң шешімін тапты. Түтін мен жағымсыз иіс тудыратын жағдайлар ретке келтіріліп, тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне кедергі болған факторлар жойылды. Нәтижесінде тұрғындар үшін бұрынғыдай қолайсыздық тудырған кешкі уақытта терезе ашу қайтадан қалыпты жағдайға айналды.

Қала тұрғыны Мұрат Түсіпов өз пікірінде: «Бұл мәселе көп жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген еді. Шынымды айтсам, оның шешілетініне сенім аз болды. Алайда “AMANAT” партиясының жедел араласуының арқасында мәселе оң шешімін тапты. Бүгінде түтін мен жағымсыз иіс жойылып, тұрғындар қайтадан терезелерін ашып отыр. Осы нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз, алғысымызды білдіреміз», – деді.

Тұрғындар «AMANAT» партиясының уақтылы араласқаны үшін алғыстарын білдіріп, бұдан бөлек басқа да бірқатар өзекті мәселелер бар екенін жеткізді. Атап айтқанда, көпқабатты үйлерде мүлік иелері бірлестігі (ОСИ) және пәтер иелері кооперативі (КСК) жүйелерінің құрылмауы салдарынан тұрғын үйді басқару және коммуналдық мәселелерді шешу қиындап отырғаны айтылды.

Аталған өтініштер де назарға алынып, алдағы уақытта «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, МИБ/ПИК мәселесін реттеу бағытында жұмыстар жалғастырылатыны хабарланды. «Басты мақсат – бір ғана мәселені шешу емес, тұрғындардың өмір сапасына әсер ететін барлық жүйелі түйткілдерді кезең-кезеңімен реттеу. Тұрғындардың әрбір өтініші біз үшін нақты әрекетке негіз болады», – деп атап өтті партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алинур Бекенов.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

33 минуты бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

36 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС