"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАУІПСІЗ АУЛА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

19.05.2015
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республиканың барлық аймағында сәуір айының 16 жұлдызынан  бастап  «Нұр Отан» партиясының «STOP-қылмыс» жобасы аясында «Қауіпсіз аула» республикалық ак-циясы өткізілуде.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 15 күні партияның Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аула» республикалық акциясы өткізілді. Шараға партия белсенділері, қалалық әкімдік өкілдері, Семей қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысып, көп қабатты тұрғын үй аулаларында рейд өткізді.

 

{jcomments on}Акция аясында арнайы топтар қаламыздың шағын аудандарында тұрғын үй аулаларындағы балалар ойнайтын алаңдардың жай-күйі, тұрғын үй маңындағы электр трансформаторының қоршалғандығы, балалар алаңы маңындағы жолда жылдамдықты тежеуді ескертетін жол белгілерінің бар жоқтығы, тұрғындардың учаскелік полицейлердің жұмыстарына деген көзқарастары, аулалардағы қоқыс жәшіктерінің жеткіліктігі мәселелерін қарады.

 

Атап айтар болсақ, бұл күні қаланың Шәкәрім даңғылы, Пушкин, Первомай, Глинка сияқты бірқатар көшелерінде орналасқан пәтер иелері коопертивіне қарасты көп қабатты үйлердің аулалары тексерілді.

Тұрғындармен кездесу барысында анықталған қала тұрғындарын мазалайтын басты мәселелердің бірі,  көлік жүргізушілерінің темір тұлпарларын тұрғын үй ауласына кіргізіп қою болды. Мұндай жайттар коммуналдық қызметке кедергі болумен қатар, жедел жәрдем шақырғанда, апатты жағдайлар орын алғанда және тұрғындардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретіні жөнінде айтылды.

Сондай-ақ  тұрғындар тарапынан балалар ойыны алаңдарының қоршаусыз болуы, аулаларды санитарлық жағдайда ұстау, аула ішін жарықтандыру, көгалдандыру сияқты мәселелер көтерілді.

Шараның қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстардың барлығы қабылданып, алдағы уақытта құзырлы мемлекеттік мекемелерге арнайы хаттар жолданатын болады.

Аулаларды абаттандыру қаланың сыртқы келбетіне де көрік беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратыны анық. Сондықтан да тұрғындардың құқықтық сана-сезімін, азаматтық жауапкершілігінің деңгейін арттыру бағытындағы осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Дархан ЖҰМАДІЛОВ,

«Нұр Отан» партиясы

Семей қалалық филиалының

қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС