"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

01.07.2026
«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жиында саланы дамыту, отандық өндірісті қолдау, жаңа кәсіпорындар ашу, шикізатты терең өңдеу және инженерлік кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Айбек Дәдебай Қазақстанның минералдық шикізат қорының мол екенін айтып, бұл әлеует ең алдымен ел экономикасының дамуына қызмет етуі тиіс екенін жеткізді. Оның сөзінше, жер қойнауындағы байлық халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет. Осыған байланысты партия Президенттің шикізатты терең өңдеуді дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және дайын өнім көлемін ұлғайту жөніндегі бастамаларын қолдайды.

Партия төрағасы табиғи ресурстарды пайдалану тәсілін өзгерту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, шикізатты сыртқа шығарып, кейін сол өнімнің дайын түрін импорттау ел экономикасына тиімді емес. Сондықтан қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық беру өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуы тиіс.

Жиында келтірілген мәліметке сәйкес, өткен жылдың қорытындысында тау-кен металлургия кешені еліміздің жалпы ішкі өнімінің шамамен 8 пайызын қамтамасыз еткен. Өндірілген өнім көлемі 14 триллион теңгеден асып, экспорт көлемі 21,4 миллиард АҚШ долларына жеткен.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нариман Абсаметов сирек кездесетін минералдардың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстандағы бірегей минералдық шикізат қорын тиімді пайдалану елдің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында сала өкілдері теміржол тасымалы, өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту және кадр даярлау мәселелерін көтерді. Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец транзиттік тасымалдан түсетін кірістерді бөлудің тиімді тетіктерін қарастыруды ұсынды.

Ал «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі саланың тұрақты дамуы мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі өнеркәсіпті дамытуға бағытталған маңызды ұсыныстар әзірлейтін тиімді алаңға айналады.

Өз кезегінде «Qarmet» АҚ басшысы Вадим Басин кәсіпорында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары туралы айтып, өндірісті дамыту үшін қауіпсіздікке, еңбек жағдайын жақсартуға және кәсіби кадрларға инвестиция салудың маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысында Айбек Дәдебай Іскерлік кеңесте айтылған барлық ұсыныстар жүйеленіп, «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасына енгізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде әзірленеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

3 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

4 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

4 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

4 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

4 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

4 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС