"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР АШАДЫ

22.05.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарихтан белгілі: тек бірлігі мықты, экономикалық қуаттылығы зор мемлекеттер ғана өз болашағын қалағанындай жасай алады. Бұл ретте әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында әлі де атқарылуы тиіс шаруалар бар. Ал Елбасының өткен жылғы 11 қараша күнгі Қазақстан халқына арнаған «Нұр жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы ел дамуын жаңа белестерге көтеру үшін бірқатар міндеттер жүктейді. Жуырда Семей қалалық Әділет басқармасында өткен дөңгелек үстел басында Жолдау жүктеген басымдықтар жайлы кеңінен талқыланды.

 

{jcomments on}Аталмыш шараға ШҚО кәмелеттік   жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Раушангүл Байжұманова, Семей қалалық әкімдігінің өкілдері Юрий Осьмаков пен Рафаэль Дауытбаев, Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының Семей қаласындағы филиалының өкілі Рахмет Адамбаевтар қатысты.  Семей қаласының Әділет басқармасының басшысы Бейсембек Әл-Сейіт жиналғандар алдында аталмыш шараны өткізудегі көзделген мақсат жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін сала мамандары да еліміздің әлеуметтік тұрғыдағы өркендеуіне бей — жай қарай алмайды. Сол себептен де Қазақстанның демократиялық құрылымын күшейту мен заң  шығарудағы бірқатар мәселелерді қарастыру бойынша ауқымды әңгіме алаңын өткізуді ұйғарыпты.

 

— Елбасы Жолдауы қазіргі сындарлы кезеңнен өту жолдарын көрсетуде халыққа дәл мезгілінде жолданды. Сол себептен, заң саласында да бірқатар өзгерістер орын алған болатын. Бүгінгі жиын барысында Елбасы Жолдауының осы  бағыттағы берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы жайлы халықты кеңінен құлағдар етпекпіз. Сонымен қатар елдік мүддені басты ұстаным ететін саяси құжаттың мән-маңызын бүгінгі буынға насихаттаудың да маңызы зор, — деді өз сөзінде Бейсенбек Қанайбекұлы.

Осыдан соң дөңгелек үстелге қатысушыларға кезегімен сөз берілді. Алғашқы болып Елбасы Жолдауының экономикалық-әлеуметтік реформалар аспектілері туралы баяндама жасаған қалалық әкімдік өкілі Рафаэль Дауытбаев сараптамалық ойларын ортаға салды.

—  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы ел өмірінде елеулі оқиға болатыны белгілі. Ал биылғы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты жаңа стратегиялық Жолдаудың алатын орны ерекше. Бұл Жолдау әлемде жаңа геосаяси жағдай мен әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс орын алып жатқан тұста жарияланып отыр. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы, Украинадағы тұрақсыздықтың салқыны, мұнай бағасының төмендеуі өзге елдердің экономикасына да салмақ түсірері белгілі. Құжаттың құндылығы да сол — ол ел өмірінің нақты бағдарламасы іспеттес. Және Қазақстандық бизнестің іскерлік белсенділігін қамтамасыз ете түседі. Елбасы өз Жолдауында басты басымдықтарды айқындай келе, экономиканы дамыту үшін Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы батыл шешім қабылдады. Бұл, стратегиялық тұрғыдан алып қарағанда, маңызды қадам және халық жүрегінде болашаққа деген сенім ұялатады, — деді     Рафаэль Руланұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында Әділет басқармасының инспекторы Аяулы Талғатқызы да баяндама жасады. Оның айтуынша, аталмыш Жолдауда айшықталған Елбасының саяси мақсаты айқын әрі түсінікті. Ел Үкіметі алдына қойылып отырған міндеттер мен бағдарламалар өте ауқымды. Экономиканың маңызды секторларына, сондай-ақ идеологиялық салаға да ерекше басымдық берілген. Алайда жоспардың түзілуі бір бөлек те, оны нақты іспен жүзеге асыру бір бөлек. Соңғысына күшті көбірек түсіру қажет.

Жиын барысында мұнымен қоса қалалық әкімдіктің өкілі Юрий Осьмаков та Жолдау жүктеген басымдықтар аясында өз пікірімен бөлісіп өтті.

Сонымен қатар Жолдауды іске асыру барысындағы шаралар, қазақстандық бренд туралы да келелі ой қозғалды. Басқосу соңында қатысушы БАҚ өкілдерінің сауалдарына да тұшымды жауап берілді.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС