"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

08.07.2026
«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтіп, онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Жиында аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ экология мен энергетика салаларын жетілдіру мәселелері сөз болды.

Сессия барысында «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік саясаттың тиімділігі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, халықтың өмір сүру сапасына тигізетін нақты әсерімен бағалануы тиіс екенін айтты.

Оның сөзінше, өңірлердің даму деңгейін инвестиция көлемі немесе жүзеге асқан жобалар саны арқылы ғана емес, әрбір қала, аудан мен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасының жақсаруы арқылы бағалау маңызды.

Өз кезегінде Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық нысандармен және қызметтермен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткен. Соған қарамастан, қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық айырмашылық әлі де сақталып отыр.

Пікірталас кезінде қатысушылар өңірлердің теңгерімді дамуына ықпал ететін қосымша тетіктерді де ұсынды. Ulagat Consulting Group директоры Марат Қайырленов инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызына тоқталса, Қарағанды облысы басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрайымы Ирина Юртанова тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ жиында ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, экология және энергетика салаларындағы өзекті мәселелер де кеңінен қаралды.

Іс-шараны қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мемлекеттік өңірлік саясаттың басты өлшемі нақты нәтиже болуы керектігін атап өтті. Сессия барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта өңірлік саясатты жетілдіру бағытындағы жұмыстарда ескерілетін болды.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС