"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау және су заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Осы міндеттерді жүзеге асыруда Ертіс бассейндік су инспекциясы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Инспекция 2026 жылдың алғашқы алты айында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, су нысандарын қорғау, мемлекеттік бақылауды күшейту және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарды.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде бассейн аумағындағы өзендердің гидрологиялық жағдайы, гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының жұмыс режимі тұрақты бақылауда болды. Су деңгейі мен су ағызу көлемі күнделікті сараланып, мемлекеттік органдармен жедел ақпарат алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар су нысандары мен гидротехникалық құрылыстарға тексерулер жүргізіліп, анықталған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарына тиісті ұсынымдар жолданды.

Табиғатты қорғау шаралары аясында 9 сәуір мен 5 мамыр аралығында Шүлбі су қоймасынан 27 күн бойы табиғатты қорғау мақсатында су жіберілді. Жалпы көлемі 6,4 текше шақырымды құраған су жіберудің нәтижесінде Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің жайылмасының 297 мың гектары, немесе жалпы аумақтың 88 пайызы суға толып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізді.

Трансшекаралық су ресурстарын басқару мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жұмыс топтарының отырыстарына қатысып, Ертіс бассейніндегі су тасқынының алдын алу, су деңгейін реттеу және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Ертіс бассейндік кеңесінің екі отырысында су ресурстарын басқару, қорғау, бассейндік жоспарды әзірлеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер қаралып, нақты ұсынымдар қабылданды.

Инспекция мемлекеттік қызмет көрсету саласында да оң нәтижелерге қол жеткізді. Алты ай ішінде барлығы 789 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 158 арнайы су пайдалануға рұқсат беріліп, 117 су есептегіші пломбаланды, 511 құрылыс жұмыстарын келісу қызметі көрсетілді және бөгеттердің қауіпсіздігіне қатысты 3 декларация тіркелді. Қызметтердің цифрлық форматқа көшуі нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендеп, мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты бірде-бір шағым түскен жоқ.

Суды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен, өндіріс орындарымен және автокөлік жуу кешендерінің иелерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында су заңнамасының талаптары түсіндіріліп, су үнемдеу технологияларын енгізу, суды қайта пайдалану жүйелерін дамыту және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экологиялық ағарту жұмыстары да жалғасын тапты. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж, жоғары оқу орындарының студенттері арасында 12 ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, су ресурстарын қорғау мен табиғатты ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілді.

Мемлекеттік бақылау шеңберінде жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 103 тексеру және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негізінде жалпы сомасы 32,3 миллион теңгеден астам болатын 96 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар сотқа 25 материал жолданып, олардың қатарында заңсыз салынған құрылыстарды бұзу мәселелері де қаралды.

Есепті кезеңде Инспекцияға азаматтардан, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан барлығы 1051 өтініш келіп түсіп, олардың 899-ы қаралды. Өтініштердің басым бөлігі су пайдалану тәртібі, судың ластануы және экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты болды.

Жартыжылдық жұмыс барысында су заңнамасын сақтамау, су нысандарының тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы, сондай-ақ табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі секілді өзекті мәселелер де анықталды. Осыған байланысты Инспекция жылдың екінші жартысында мемлекеттік бақылауды күшейтіп, профилактикалық жұмыстарды кеңейтуді, су айдындарының мониторингін жетілдіруді және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Жартыжылдық қорытындысы көрсеткендей, Ертіс бассейндік су инспекциясы су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерін жүйелі түрде орындап келеді. Су нысандарын сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Медет ЖӘДІГЕРҰЛЫ,

Ертіс бассейндік су испекциясының басшысы

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС