"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

12.07.2026
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары жаңартылған партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты таныстырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне арналған ұсыныстарын ортаға салды. Талқылауды қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. «Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау болды», — деді Айбек Дәдебай. Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсетеді. «Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі тұр», — деді партия Төрағасы. Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай Сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен кейін партия сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты. Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмысқа және бағдарламаның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады. «Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай. Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд ұсынылған кандидаттарды қолдап, олар алдағы реформалардың ел ішіндегі негізгі жаршылары болады деген сенім білдірді. «Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі: 1. Авершин Константин Викторович 2. Адаев Ербол Дәненұлы 3. Адамбаева Әлия Райымқұлқызы 4. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы 5. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы 6. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы 7. Аймағанова Айжан Талғатқызы 8. Алтай Абай 9. Амантайұлы Жарқынбек 10. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы 11. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы 12. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы 13. Ахметов Съезбек Рақышұлы 14. Ахметов Сәбит Мейрамұлы 15. Ашимова Ульяна 16. Әбдікешов Алмат Жанболатұлы 17. Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы 18. Әбілева Айымгүл Ақылбайқызы 19. Әбілов Алпамыс 20. Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы 21. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы 22. Әскеров Эмин Халилұлы 23. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы 24. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы 25. Базенов Айрат Базенұлы 26. Байбеков Шалкар 27. Байсақова Зүлфия 28. Байтұрсынов Ғиззат Сейдахметұлы 29. Бақытбекұлы Нұркен 30. Балтабаев Әділ Серікұлы 31. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы 32. Басин Вадим Борисов 33. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы 34. Батырхан Жолдас Нұрланұлы 35. Башимов Марат Советұлы 36. Баялиев Рустам Ахатханұлы 37. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы 38. Бежецкий Сергей Владимирович 39. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 40. Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы 41. Беркімбаев Берік Серікұлы 42. Беспалинов Берген Маратұлы 43. Бәденова Әсел Жанболатқызы 44. Битеміров Дәурен Мұхтарұлы 45. Бірмағамбетов Наурызбек 46. Больгерт Евгений Андреевич 47. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы 48. Газдиева Белла Асланбековна 49. Годунова Наталья Николаевна 50. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы 51. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы 52. Данилов Александр Сергеевич 53. Дәдебай Айбек Арқабайұлы 54. Дәуіталиев Қазыбек Нұрсейітұлы 55. Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы 56. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы 57. Егамбердиева Динара Асылқызы 58. Елеусізова Бота Серікқызы 59. Ералиев Бегалы Ералыұлы 60. Ералиев Мағжан Абзалұлы 61. Ерғарин Дәурен Тілекұлы 62. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы 63. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы 64. Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы 65. Есімханов Сұнғат Қуатұлы 66. Есматов Серік Аманжолұлы 67. Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы 68. Жамалов Бауыржан Салдарұлы 69. Жаманқұлова Карлығаш Қалибекқызы 70. Жансеңгіров Арман Серікұлы 71. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы 72. Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы 73. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы 74. Зенченко Геннадий Геннадьевич 75. Зәкиева Динара Болатқызы 76. Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы 77. Имашева Снежанна Валерьевна 78. Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы 79. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы 80. Кенжеханұлы Рауан 81. Керімбаева Наргиза Абайдоллақызы 82. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 83. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы 84. Кузиева Замира Закировна 85. Кучинская Юлия Владимировна 86. Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы 87. Қайдарова Диляра Радикқызы 88. Қайыпов Дәурен Айтасұлы 89. Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы 90. Қалықов Арман Қобыландыұлы 91. Қамзабекұлы Дихан 92. Қарабасова Лаура Чапайқызы 93. Қариева Шолпан Қайратқызы 94. Қарин Ерлан Тынымбайұлы 95. Қаринова Шолпан Таңатқызы 96. Қисықова Ақтоты Жанаралқызы 97. Қожаев Марат Шәдетханұлы 98. Қожаниязов Серік Салауатұлы 99. Қожахметова Ләззат Таймырқызы 100. Құйқабаев Асқар Нұртуғанұлы 101. Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы 102. Лаврентьев Андрей Сергеевич 103. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы 104. Матжани Нұрбек Сейілханұлы 105. Медеуова Дана Теміртайқызы 106. Мекеева Жанат Жұмағазықызы 107. Мусин Бағдат Батырбекұлы 108. Мүтәліп Шахмұрат 109. Мүтиев Абылай Құрметұлы 110. Мұсылманбек Ерқанат 111. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы 112. Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы 113. Мұхтарова Назгүл Батыржанқызы 114. Мырзағараев Мади Жомартұлы 115. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы 116. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы 117. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы 118. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы 119. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы 120. Нұрмухамедов Бөріхан Жолбарысұлы 121. Осин Кирилл Владимирович 122. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы 123. Оспанов Шота Сәбитбекұлы 124. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы 125. Павленко Дмитрий Иванович 126. Парсегова Анжелика Борисовна 127. Перепечина Ольга Валентиновна 128. Петров Константин Викторович 129. Пономарев Сергей Михайлович 130. Пулатов Шерзод Аббозович 131. Разбекова Ләззат Мұратқызы 132. Рамазанова Наталья Сергеевна 133. Рахметова Айзада Нұрланқызы 134. Рожин Максим Николаевич 135. Рымжанов Мәди Рысбекұлы 136. Савельева Татьяна Михайловна 137. Сағымбаева Жұлдыз Әбдіполатқызы 138. Сағынов Замир Садықұлы 139. Саиров Ерлан Бияхметұлы 140. Сайланбаев Әлібек Айдосұлы 141. Сапарова Эльмира Карифоллақызы 142. Сартбаева Әсем Бахытқызы 143. Сарым Айдос Әміроллаұлы 144. Себасов Марат Бақбергенұлы 145. Семидоцких Елена Александровна 146. Сәбитова Айнұр Әлімханқызы 147. Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы 148. Сқакова Айжан Амангелдіқызы 149. Смышляева Екатерина Васильевна 150. Соловьёва Ирина Анатольевна 151. Солтабаева Эльзира Әуесханқызы 152. Сулаймонова Русана Русланқызы 153. Сүгірбай Аят Исатайұлы 154. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы 155. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы 156. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы 157. Талғатбекова Нұргүл Ахатқызы 158. Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 159. Тауан Мұхамедқали 160. Темербаева Айжан Маратқызы 161. Тен Ирина Сергеевна 162. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы 163. Теренченко Илья Сергеевич 164. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы 165. Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы 166. Тоқтамұрат Армангүл 167. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы 168. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы 169. Төлегенов Асылжан Қанатұлы 170. Төлеушин Қаныш Аманбайұлы 171. Төренова Қалия Батталқызы 172. Усанова Руфина Касымовна 173. Фазылжан Анар Мұратқызы 174. Хаирова Әсел Әнуарқызы 175. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы 176. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы 177. Хамза Еділ 178. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы 179. Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы 180. Шапақ Үнзила 181. Шаталов Никита Сергеевич 182. Шермағанбет Мейрамбек 183. Шибұтов Марат Мақсұмұлы 184. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы 185. Щербаков Станислав Александрович 186. Юлдашев Мамирхан Муталибович Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III Съездің Қаулысын қабылдап, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған шешімдерді бекітті.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

9 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

9 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 день бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС