"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық көлік-логистикалық жобаға бөлінген жер учаскесі соққыға ұшыраған жоқ және ешқандай зақым келмеген. Жоба іске асырудың бастапқы кезеңінде, инфрақұрылым нысандарының құрылысы әлі басталған жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл ақпарат ұғымдарды алмастыру әдісі арқылы таратылған. Жарияланымдарда болашақта іске асырылатын инвестициялық жоба қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған «қазақстандық порт» ретінде көрсетілген. Соның салдарынан оқиғаның ауқымы жасанды түрде ұлғайтылып, Қазақстан мүдделеріне нұқсан келді деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатын көздеген.

➡️ Фейк: Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі: Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін пайдалануға жол бермейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл сияқты хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға бағытталған. Олардың мақсаты — Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін нақты айғақтардың болмауы тән.

➡️ Фейк: Ресей Федерациясы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми сұраныс жолдады.

ҚР Энергетика министрлігі: Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Экспорттау мүмкіндігі тек ресми өтініш болған жағдайда және ішкі нарықтың мүддесіне нұқсан келтірілмеген жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл манипуляция ықтималдықты нақты факт ретінде көрсету принципіне негізделген. Теориялық тұрғыда мүмкін болатын сценарий қабылданып қойған шешім ретінде ұсынылып, оқиғаның алдын алу мүмкін емес деген жалған пікір тудырған.

➡️ Фейк: Жанармайды шетелге экспорттау салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының тапшылығы туындады.

ҚР Үкіметі: Ішкі нарық жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдануда.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламалар жанармайға сұраныс артқан кезеңдерде жиі пайда болады. Олардың мақсаты — жасанды тапшылық күту сезімін қалыптастыру, бұл өз кезегінде дүрлігуді тудырып, қоғамдық мазасыздықты күшейтуге қауқарлы.

➡️ Фейк: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы өсті.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті: Қолданыстағы кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері өзгерген жоқ және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бұрынғы тәртіппен қолданылуын жалғастыруда.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдарда қауесетті нақты бір күнтізбелік күнге таңу әдісі қолданылған. Нақты күнді («1 шілдеден бастап») көрсету аудиторияның сенімін арттырып, ақпаратты тексергенге дейін оның жылдам таралуына түрткі болады.

➡️ Фейк: Алматы облысында суармалы судың тапшылығынан 100 гектар егістік алқабы қурап қалды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі: Су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, су ресурстарының тапшылығы туралы мәліметтер расталған жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдар халықтың құрғақшылық кезеңіне байланысты шынайы қауіп-қатерлерін өз мүддесіне пайдаланады. Нақты цифрлар мен жергілікті географиялық атауларды қолдану, расталған деректердің жоқтығына қарамастан, хабарламаны анағұрлым сенімді етіп көрсетеді.

➡️ Денсаулық сақтау министрлігі вакцина сатып алуға қатысты тендерлер туралы жалған ақпаратты теріске шығарды.

JAQ.OrtCom түсініктемесі: Бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыстарды алмастыруға негізделген манипуляциялық тәсіл қолданылған. Вакцина сатып алу көлемі тек бала туу көрсеткішімен қате байланыстырылған. Алайда жоспарлы иммундау жүйесі бірнеше жас санатын қамтиды және вакциналарға қажеттілік медициналық көрсеткіштердің жиынтығы негізінде есептеледі. Мұндай жарияланымдар мамандандырылған ақпаратты біржақты әрі үстірт түсіндіру арқылы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.

Қосымша:

➡️ Әлеуметтік желілерде өзін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде негізсіз таныстырып, жалған ақпарат таратқан азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС