"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, Мемлекеттік рәміздердің қолданылуына жүргізілген мониторинг қорытындылары және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарының барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Әбдіғалиев, ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дамир Рахымжанов баяндады.
Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында қабылданған 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестіктегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында облыста бірқатар жұмыс атқарылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыру бағытында Алакөлдің туристік аймағында 224 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы толық жаңғыртылды.
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады
Облыс әкімдігінің қолдауымен полиция инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Курчатов қаласы полиция бөлімінің әкімшілік кешенін қайта жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Халыққа қолайлы жағдай жасау және полицияның сервистік моделін дамыту мақсатында аудандық полиция бөлімдерінде фронт-офистер мен модульдік полиция пункттерін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және қауіпсіздік деңгейін күшейтуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімдігінің қолдауымен биыл жергілікті бюджет есебінен лизинг арқылы 137 қызметтік автокөлік сатып алынды. Арнайы техникаларды пайдалану нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және әкімшілік айыппұлды өндіру көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.
Аймақ басшысы жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, полицияның материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен нығайтуды, цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды, сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобалар мен модульдік полиция пункттері және фронт-офистерді іске асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы баяндалды. Облыста мемлекеттік рәміздер жөніндегі 13 комиссия жұмыс істейді. Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс органы өңірдегі мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Былтыр облыстың барлық қала және аудандарындағы 200-ге жуық мемлекеттік мекемеде кешенді мониторинг жүргізілді. Биыл Семей, Курчатов қалалары мен Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Жаңасемей және Көкпекті аудандарындағы 100-ден астам мемлекеттік мекеме қамтылды. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, екі оқыту семинары ұйымдастырылды.
Облыс әкімі мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде заңнама мен ұлттық стандарттар талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, мемлекеттік мекемелерде Мемлекеттік Тудың қажетті қорын қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерді пайдалану бойынша бақылауды күшейту қажеттігін айтты.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» жүргізген ғарыштық мониторинг нәтижесінде облыс аумағында 141 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Анықталған нысандар бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 101 қоқыс үйіндісі жойылды. Сонымен қатар, жүргізілген талдау нәтижесінде кейбір аумақтарда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің қайта пайда болу фактілері анықталды.
Осыған байланысты анықталған барлық қоқыс үйінділерін толық жоюды қамтамасыз ету, заңсыз қалдық төгу фактілерінің алдын алу бойынша рейдтік жұмыстарды күшейту, қоқыс төгу оқиғалары қайталанатын орындарға тұрақты бақылау орнату және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Аймақ басшысы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жоюды, олардың қайта пайда болуына жол бермеу үшін тұрақты бақылау орнатуды, заңсыз қалдық төгу фактілерінің алдын алу бойынша рейдтік жұмыстарды күшейтуді, бейнебақылау жүйелерін тиімді пайдалануды және халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
«Әрбір қала және аудан әкімдігі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жоюды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қайта пайда болуына жол бермеу бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруы қажет. Бұл бағытта формальды есеп емес, нақты нәтиже қажет. Әсіресе заңсыз қоқыс төгу фактілерінің алдын алу, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту және бейнебақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері ерекше бақылауда болуы тиіс», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

26.08.2026
1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

26.08.2026
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға...

Толығырақ...Details

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

22 часа бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

22 часа бұрын

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

22 часа бұрын

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

2 дня бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

2 дня бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

3 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

3 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

3 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС