Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылуы салтанатына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхай қаласындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында бас қосудың символдық мәні зор екенін айтты.
Президент: Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын екенін жеткізді.
Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды.







