"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰБТ ӨТКІЗУДЕ ӨЗГЕРІС ЖОҚ

26.05.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі өзгеріссіз қалады. Десек те бұрынғы жылдарға қарағанда шамалы айырмашылықтар да бар. Атап айтсақ, ҰБТ нәтижесі құпия ақпарат ретінде сақталмақ. Ал оны тек жеке идентификациялық номер арқылы ғана білуге болады.

 

{jcomments on}ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ҰБТ байырғы форматта өткізіледі, алайда қазіргі жүйені жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, тестілеу жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы аясында тексеруге жіберілетін болады. Ағымдағы жылы да түлектер дәл бұрынғысынша, 5 пән бойынша, қазақ немесе орыс тілдері арқылы ҰБТ сынағынан өткізілмек. Әр пәнде 25 сұрақтан бар. Ал емтихан тапсыруға 3,5  сағат (210 мин.) берілген.

 

— Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу биылдан бастап құпия ақпараттар қатарына жатқызылатын болады. Яғни тиісті балл алған түлектердің  қорытындысын  ғаламтор арқылы анықтауға болады. Оның өзінде де қажетті ЖСН цифрлары мен тестілеуден өтушінің жеке кодын теріп енгізу арқылы ғана таныса аласыз. Бұл код түлекке тестілеуге қатысар алдында беріледі. Ал деректер www.testcenter.kz атты Ұлттық тестілеу орталығының арнайы сайтына орналастырылады, — дейді бұл туралы пікір білдірген Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының Шәкәрім мемлекеттік университетіндегі базалық филиалының жетекшісі Болатбек Көжебаев.

Жуырда Б. Жанахаметұлы бастаған құрамында психологтар бар арнайы топ ауылды жерлерде болып, мектеп бітіруші түлектерге тест тапсырудың жай-күйі, ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтыпты. Жалпы, бұл ретте тек емтихан тапсырушыға ғана емес, олардың ата-аналарына да өзіндік жауапкершілік жүктеледі. Басты мәселе – жасөспірімге  моральдық тұрғыдан демеу болып,  емтихан алдында қобалжуына жол   бермеген жөн.

Маманның келтірген деректерінен биылғы ҰБТ қорытындысын анықтау жайлы тағы бір тың ақпаратқа қанықтық. Айта кетер жайт — бағалау жүйесі шамалы өзгермек. Анығырақ айтсақ, түлек бағасы ҰБТ қорытындыларындағы жалпы балл мен оқушының жылдық бағасының қосындысынан тұратын болады. Мысал келтіре кетсек, егер түлек 11-сыныпқа дейін үздік бағаға оқып, ҰБТ-да пәндерден төмен балл алып қалса, онда аттестатына төмен баға емес, орташа баға қойылмақ. Дәл сол сияқты мектепте төмен бағаға оқыған түлек ҰБТ-да пәндерден жоғары балл алса, онда аттестатына жоғары емес, орташа баға қойылады.

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы жүргізіліп жатқан ҰБТ-ға даярлық жұмыстарына келер болсақ, биылғы емтихан екі пунктте, нақтырақ айтсақ, № 836  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Е.Қашаған көшесіндегі корпусы мен № 862 Қаз ИГЗУ-дің Шмидт көшесі 44 мекенжайындағы оқу корпусында өткізілмек. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ҰБТ өткізілетін орындар толық даярланған. Ғимараттар вентиляциялық жүйеге қосылған, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Сонымен қатар барлық аудиторияларда бейнебақылау камералары мен ұялы телефон өрісін өшіретін қондырғы қойылған.

Ағымдағы 2014-2015 оқу жылында мектептер бойынша 18, білім бөлімі бойынша 7 рет  бақылау тесті алынып, орташа балл 72 болды. Дегенмен оқу жылының соңында түлектер даярлығы күрт артатыны белгілі. Ендеше, аталмыш көрсеткіш әлі де жоғарылауы мүмкін деген сөз. Ал қазіргі күні үміткерлерді Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына даярлау жұмыстары тыңғылықты түрде жалғасып жатыр.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС