"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢАРАУ!

26.05.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25-ші мамырда жылдағы дәстүр бойынша еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңарау соғылады. Бұл мереке- мектеп бітіруші түлектер үшін ғана емес, ата-аналарға, жалпы жұртшылыққа әдемі әсер сыйлайтын сәт.

Семей шаһарында да соңғы қоңырау мерекесі жарасымды әнімен, салтанатты сәнімен өз мәнінде өрнек тапты. Осындай салтанатты шараның бірі Семейдегі № 39 жалпы білім беретін орта мектепте өткізілді.

 

{jcomments on}Биыл аталмыш мектептен 50 жас түлек үлкен өмірге қадам басқалы тұр. 1 оқушы «Алтын белгіден» 5 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер.  Салтанатты шарада мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Сепсекенова ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тілеп, өзіндік тілегін арнады. Сондай-ақ шығармашылық жетістіктері, егеменді Отанымыздың болашақ буынын тәрбиелеу ісіне, білім беру саласына қосқан қомақты үлесі үшін  ұстаздарды қалалық білім бөлімінің басшысы Н. Фесенконың грамоталарымен марапаттады.

 

— Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар. Сіздерді бүгінгі соңғы қоңырау салтанатты мерекесімен құттықтаймын. Мектеп бітіруші түлектер, алтын ұя мектептеріңмен қоштасып, өмірдің келесі белесіне жолдама алғалы тұрсыңдар. Осы жолда қадамдарыңа сәттілік тілеймін. Ұлттық бірыңғай тестілеу сын сағатынан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі болуларыңа тілектеспін. Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын. Талаптарың оң болсын, жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт     сапар тілейміз, — деді Айжан            Задақызы.

Салтанатты сәтке Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің техника ғылымдарының докторы, профессор Дәлел Жайлаубаев арнайы қатысып, айтулы жиынның куәсі болды. Мектеп бітіруші түлектер де мектепке, ұстаздарға деген ризашылықтарын жеткізді.

Мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектердің бірі — Назерке Жақан. Ол мектеп қабырғасында «Алтын белгіге» үміткер жалғыз оқушы. Болашақта заңгер мамандығын таңдағысы келеді. Назерке алдағы уақытта әділдік үшін күресіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға ниетті. Бүгінгі естен кетпес сәтті ешқашан ұмытпайтынын айтқан ол барлық мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан өрендерге өз тілегін білдірді.

— 11 жыл оқыған сүйікті мектебімізді бітіргелі тұрмыз. Жас түлектердің барлығына тек сәттілік тілеймін. Алдағы ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, барлығының жоғарғы оқу орнына түсуіне тілектеспін. Өзім мектебімнің намысын қорғап, «Алтын белгімді» алып шығамын деп ойлаймын. Барлығына бақыт тілеймін. Тек жақсылық болып, армандарымыз орандалсын, — деді ақ жарма тілегін білдірген Назерке Жақан.

Жиын соңында соңғы рет қоңырау соғылып, шәкірттер алтын ұя мектептерімен қоштасты. Сондай-ақ өзге де мектептерге қала әкімдігінің өкілдері барып, мерекелік шараға ортақтасты.

Жалпы, биылғы жылы Семейде 1723 оқушы мектеп қабырғасынан үлкен өмірге аяқ басып отыр. Әзірге 1217 түлек, яғни 70,6% бітіруші, ҰБТ емтиханынан өтуге ынта білдірген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылы мектепті 1925 түлек бітіріп, 1375-і, 71 пайызы, ҰБТ тапсырған еді. Сондай-ақ орташа балл 78-ді құраған болатын. Ағымдағы жылы “Алтын белгіге” 30 үміткер иек артуда. Өткен жылы оған 35 түлек талап қылып, тек 19-ы ғана үмітті ақтаған болатын. Үздік аттестат иеленуге биыл 29 оқушы ниет қылып отыр. Былтырғы жылы 18 түлек үміттеніп, тек 8-і ғана көзделген межеден табылып, қол жеткізе алған еді.                                                                                                Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС